12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шынықсаң шымыр боласың

Шығыс Қазақстан облысы  Үржар ауданындағы «Модуль» спорттық  кешенінде 25 наурызда  «Шынықсаң шымыр боласың» деген атпен ерекше   спорттық шара өткізілді.

Оған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД)  Үржар аудандық №1 пробация қызметінің   есебіндегі    жиырма тоғыз жасқа дейінгі сотталған азаматтар қатысты. Мақсат – жастар арасындағы құқық-бұзушылық  деректерінің алдын-алу, сотталған азаматтармен тәрбие жұмыстарын  жүргізу   және олардың  өмір салтын дұрыс қалыптастыруына ықпал ету болып табылады.

 – Мен  пробация қызметінің есебінде тұратын екі баланың әкесімін. Спортпен шұғылданғанды  жақсы  көремін. Бұрын жұмыссыз едім. Кейін  пробация қызметінің  ықпалымен  жұмысқа орналастым. Енді осындай іс-шараларға да қатысып, өз мүмкіндігімді сынауға мүмкіндік алдым. Бұған өзге де азаматтарды  да шақырам, – дейді қатысушылардың бірі.  

Тұрсын АЗАМАТ, 

ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 ПҚБ аға инспекторы

әділет капитаны

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...