Ұлттық экономика министрі азық-түліктің қымбаттауы жайлы: Бір-екі айда тұрақталады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр азық-түлік бағасына қысым жасалып жатқанын мойындады.

«Қазір бағаға қысым бар, әрине. Оның ішінде импорттық қысым, инфляция. Бірақ та бізде осы сияқты қысымдарға тосқауыл қоятын құралдар бар. Кешенді жоспар қабылданды. Қазір соны іске асырып жатырмыз», — деді ол үкімет кулуарында.

БАҚ өкілдері Қуантыровтан азық-түлік нарығындағы жағдай қашан тұрақталатынын сұрады.

«Жағдай бір-екі ай ішінде тұрақталады деп ойлаймын. Түсінесіздер ме, баға әрдайым өседі. Бірақ, бұл жерде оның қаншалықты жылдам және қандай кезеңде өсетіні маңызды. Инфляция да үнемі болады, өйткені ол экономиканың өсіп жатқанын көрсетеді. Егер инфляция өте төмен болса, онда біз тоқырау жағдайында тұрмыз деген сөз», — деді Қуантыров.

Ол мұндай жағдай Жапонияда болғанын айтып өтті.

«Сол себепті инфляция болуы керек. Бірақ, ол белгіленген дәлізден шығып кетсе, бұл тым жақсы көрсеткіш емес. Сол үшін біз тиісті шара қабылдаймыз», — деп сендірді министр.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...