12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі

Наурыз ықылым заманнан бері жыл басы ретінде қалыптасқан мейрам. Тіршілігі табиғатпен етене байланған бабаларымыздың кезінде Наурыз жылдың һәм жаңарудың бастауы саналған. Өйткені қараңғылық қоюланатын түннің қысқарып, шуағын шашқан күннің ұзаратын сәтінің келуі тіршілік әлеміне тың серпін әкеледі.

Ақ түйенің қарны жарылған ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін қашанда қасиетті әрі киелі саналған. Бұл күні халқымыз ұлттық нақыштағы әсем ою-өрнекпен кестеленген көркем киімдерін киіп бір-біріне деген өкпе ренішті ұмытып, арқа-жарқа болып, амандасып төс қағыстырып  жүрекжарды ізгі тілектерін ақтара айтқан.

Көктем «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы» ретінде сипатталады. Бұл күні ата-бабаларымыз қыстан аман-есен шығып, көктемге дін аман жеткеніне, жер жүзі жаңаратын жаймашуақ сәттің келгеніне шүкіршілік айтып, осы сәтті көпшілік болып мерекелеген. Айналаны, үйдің ішін тазартып, ағаш отырғызу, көше бойларында дастархан жаю және түрлі ойын ойнау арқылы айналаны ән-жырға бөлеген. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп бір-біріне ақжарма тілегін ақтарған.

Ата-бабаларымыз «Амал күні» ретінде «көрісу дәстүрімен» Наурыз мейрамын мерекелеуді 14 наурызда бастаған. Себебі  қыс қатты болып, ауыл-ауылдың, туыс пен жекжаттың арақатынасы, байланысы үзілген. Сондықтан да «Самарқанның ақ тасы еріген» тұста қыстан дін аман шыққан адамдар бірін-бірі көктемнің келуімен құттықтап, көрісіп мәз-мейрам болған. Бір-бірінің жағдайын сұрап, қыста орын алған қиындыққа жұбаныш, қуанышқа құтты болсын айтқан. Бұл дәстүрдің бүгінге дейін жібі үзілмей жетуінің тарихи маңызы міне осыда.

Наурыз мерекесіне тән – көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ырыздық несібеден таршылық көрмейді деген ұғым бар.

Шынында да Наурыз мейрамын мерекелеуді бірнеше күнге бөліп, көктемнің әрбір күнін әр түрлі игі іске арнап, азаматтарды осы істің басына топтастыру бұл игі істің бастамасы.  Бір күн көрісуге, достар, туыстармен қауышуға арналса, екінші күн тұрмысы төмен, жасы егде адамдарға көмек қолын созуға арналуы, сол сияқты қоғамды игі істің басына біріктіретін, адамдарға қуаныш сыйлайтын шараларды қолға алса жөн болар еді.

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін сол дәстүрлерді жаңғыртып, жандандырып, бұқаралық ақпараттарға орналастырып, халыққа ұсыну керек.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күні ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулермен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады.   

Баршаңызды келе жатқан халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы М.Тұрғанбаев

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...

Заң консультанттарының міндеттері мен қызметтері туралы

       Заң консультанттарының міндеттері  мен  қызметтері  Қазақстан Республикасының 2018...