Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болады?

Үкіметте Президент өкілеттігіне байланысты қандай өзгерістер болатыны айтылды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан кейін әзірленген жоба аясында он бағыт бойынша 36 іс-шара жүзеге асырылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент өкілеттігінің шамадан тыс шоғырлануынан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізілетін болды: 

  • Мемлекет басшысы президенттік өкiлеттiктердi атқару мерзiмiнде саяси партияға мүшелiгiн тоқтату;
  • Президенттiң жақын туыстарының мемлекеттiк саяси кызметшiлер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын аткаруына тыйым салу;
  • Мемлекет басшысының облыстар, республикалық манызы бар қалалар және астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жою немесе оларды тоқтата тұру жөнiндегi құзыретiн алып тастау;
  • Президенттің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар калалар, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн лауазымынан босату құқығын жою.

Партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталык сайлау комиссиясының, Есеп комитетiнiң, Конституциялық кеңестiң төрағалары мен мүшелерiнiң мiндеттi түрде партиядан шығуы туралы ереженi енгізу қарастырылады.

Сондай-ақ, әкiмдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар аткаруына тыйым салынады. 

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...