12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәлелдемелерді жинақтау мемлекеттік органдарға жүктеледі

Әкімшілік әділет институты – өзін-өзі толық ақтаған, бүгінге дейін азаматтар сенімінен шыққан жүйе. Бұл жүйе Еуропа мемлекеттерінде жарты ғасырдан аса уақыттан бері тиімді қолданылуда. Уақыт үдесінен өткен жүйенің біздің елімізде қолданысқа енгізілгеніне де тоғыз айдың жүзі болды. Жаңа құрылған әкімшілік соттардың жұмысы да бірізге түсіп үлгерді.
Сотқа ісі түскенде болмаса, қарапайым азаматтар жаңа заңдардың артықшылығы мен ерекшелігіне мән бере қоймайды. Соған орай әкімшілік әділет институтының маңызын, мәнін түсіндіру мақсатында көп жұмыс атқарылды. Мұндағы негізгі басымдық Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жаңалықтарын таныстыруға, түсіндіруге бағытталды. Әкімшілік соттың судьялары заңнаманың негізгі баптарына жан-жақты тоқталып, оны тәжірибеде қолданудың қыр-сыры туралы толыққанды мағлұмат берді. Одан бөлек мемлекеттік құрылымдарда жиын, онлайн шаралар ұйымдастырылып, жария-құқықтық даулардың алдын алу бойынша ақыл-кеңес айтылды.
Әкімшілік әділеттің түпкі мақсаты – халықтың мемлекеттік қызмет алудағы әуре-сарсаңын азайтуға, сол арқылы мемлекеттік қызметтің жұмыс сапасын жоғарылатуға бағытталған. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданғанға дейін жария-құқықтық дауларда қарапайым азаматтардың жеңіске жетуі сирек құбылыс еді. Жаңа институт жұмыс істеген тоғыз айдағы тәжірибеге қарап отырып әкімшілік әділет еліміздің құқықтық, заңдық саласына үлкен бетбұрыс жасағанын, мемлекеттік қызметтің дамуына азаматтардың қатысуын ынталандырғанын мойындауымыз керек.
Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында әлем мойындаған әділет институты туралы «Теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнес­ке емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады», – деген еді. Судьяның сот процесінде белсенді рөл атқаруы қарапайым азаматтардың өзіне деген сенімін нығайтты. Өйткені жаңа кодекске сүйене отырып судья жария-­құқықтық дауларда іске қажет деп тапқан құжаттарды, дәлелдерді сұратуға, қосымша анықтамалар талап етуге толық құқылы.
Бүгінде әкімшілік соттар әкімшілік талап арыздарды белсенді қарауда. Тәжірибеге сүйене отырып айтар болсақ осы аралықта азаматтар мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласы, жер және салық дауларына байланысты көбірек арызданған. Бұл осы салаларда кемшіліктің, заңбұзушылықтың жиі орын алатынын көрсетті. Мұндай арыздардың жиі қаралуы кемшілік жіберген құрылымдардың өз ісіне жауаптылықпен қарап, тұтынушы талабын ескере отырып қызмет атқаруына септігін тигізеді. Әсіресе процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде соттардың ақшалай өндіріп алуды қолдануы мемлекеттік орган жұмысына серпіліс әкелгені сөзсіз.
Сотқа келген азаматтар жаңа заңның артықшылығын байқап үлгерді. Азаматтардың сотта өз талабының дұрыстығын дәлелдеп жатпайтыны, дәлелдеу ауыртпалығының мемлекеттік органға жүктелуі де біршама жеңілдік тудырғаны ақиқат.

Гүлім Мұқанова,
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік
сотының судьясы

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...

Жер заңнамасын қолдану мәселелері

Тарих беттерін парақтасақ, ежелден қоғамда жер дауы кездескенін аңғару...