12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған Қызылорда облысы соттарының судьялары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуіне орай, ұлттық спорттарға басымдық беріліп, шағын футбол, гір көтеру, қол күресі, арқан тартумен қатар асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, қазақша күрес ойындарынан да жүлделер сарапқа салынды. 

Шараны ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М.Еркінбеков пен Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы С.Сүлеймен ашса, ардагер судьялар А.Әнуарбеков пен З.Нұрсейітов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорт – тек қана бәсеке емес, үлкен достықтың бастауы, салауатты өмір салтының негізі. Осы қағиданы нық ұстанған облыс соттарының судьяларынан құралған «Аманат», Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қалалық сотынан құралған «Барыс», Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық соттарының «Сұңқар», Қызылорда қалалық және Қызылорда қаласының №2 соттарының «Қанағат», мамандандырылған соттардың «Найзағай» және Қызылорда облыстық сотының «Айбын» командалары сынға түсті.

Жарыстың шағын футболмен ашылып, тартысты ойында «Айбын» бірінші орын алса, ақтық сайыста сүрінген «Қанағат» жігіттері екінші орынды қанағат тұтты. Жүлделі үшінші орын «Найзағай» командасына бұйырды.

Сонымен қатар спорттың бұл түрінен жекелей номинациялар да үлестіріліп, нәтижесінде «Үздік қақпашы» болып —  М.Тобалықов, «Үздік қорғаушы» -Б.Абдуали, «Үздік шабуылшы» — Е.Раушанбекұлы және «Үздік ойыншы» — Н.Бекетаев танылды.

Сайыстың екінші түрі қол күрестен ерлер арасында командалық сында «Барыс» командасынан С.Жүзбай бірінші орынды иеленсе, кейінгі орындарды «Сұңқарлық» Д.Смайлов пен «Барыстық» Т.Әмір өзара бөлісті.

Қол күрестен әйелдер арасында бірінші орыннан Айбын аруы А.Жұмахан көрінсе, кейінгі орындар Қанағаттық қос ару Н.Мұхамбетқали мен Ж.Жаналиеваға бұйырды.

Гір көтеру сайысында «Барыстық» С.Жүзбай мен А.Тыныштықбаев бірінші, үшінші орындарды алса, «Айбындық» А.Қыданов екінші болды.
Арқан тарту жарыснан «Барыс» мықтылары жеңіске жетсе, «Айбын» мен «Сұңқар» екінші және үшінші орындарды алды.

Сайыстың келесі түрі – есептен құралған тоғызқұмалақта «Айбындықтар» А.Ысқақова мен Л.Әбдуали алғашқы орындарды бөліссе, үшінші орын Барыстық А.Жақыпбекке жазылды.

Мергендер таласқа түсетін асық ату ойынында «Барыстық» С.Сейіталиев жеңімпаз атынып, кейінгі орындар Барыстың екінші ойыншысы Д.Тоғымов пен Қанағаттық Ә.Жылкелді бөлісті.

Ептілікті қажет ететін ұлттық спортымыздың  бірі ләңгі тебу сайысында ерлер мен әйелдер арасында да Қанағаттық ойыншыларға ешкім тең келмеді.

Спорттың сайысты аяқтаған қазақша күресте «Қанағат» командасынан Н.Қалыбек түйе палуан атынып жеңіске жетсе, «Айбын» командасынан Е.Әбдімұратов пен мен «Сұңқарлық» О.Дүйсенов үштікті аяқтады.

Жалпы есепте «Қанағат» командасы спартакиаданың басты бәйгесін жеңіп алса, екінші орынды «Айбын» иеленіп, «Барыс» командасы үшінші орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпаздары арнайы дайындалған кубоктармен, грамоталармен және  сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...