20 C
Алматы
Четверг, 19 мая, 2022
spot_img

Білім министрлігі наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижелерімен бөлісті

Жалпы тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. Тест тапсырғандардың 74,2%-ы қазақ тілін, 25,6%-ы орыс тілін, 0,2%-ы ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады.

Орташа балл 65 балды құрады, ең жоғары балл – 134.28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. 74,2%-ы қазақ тілінде, 25,6%-ы орыс тілінде, ,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеді. Олар: «Математика-Физика» (25%), «Химия-Биология» (17%). Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын таңдауға болады.

63 адам – смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды.135 адам – тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.

Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейін.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости