12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталған азамат мәслихат тарапынан алғыс хат алды

Шымкент және Түркістан облыстық ҚАЖД қарасты Кентау пробация қызметі есебінде тұрған сотталушы Шартым Әлімжан Кентау қалалық мәслихатының хатшысы Т.Балабиевтың қолы қойылған «Кентау жастары-жаңару мен даму жолында» атты жастар форумында жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі алғыс хат берілді.

Ол өткен жылы Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы Хантағы елдімекені әкімдігіне қоғамдық ақылы жұмысқа орналасқан болатын. Шартым ұжымда белсенді, тапсырмаларды тиянақты орындап ауыл әкімі тарапынан еңбегі еленіп, қалалаық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталды.

Қалалық мәслихаттың марапатын шартты сотталған Шартымға өткен жылы тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада табыс еткен болатын. Мәслихат хатшысы Т.Балабиев өзінің жұмысына тиянақты әрі ұқыпты атқарып көзге түскен үлгілі жас жігіті мақтан тұтатынын атап өтті. Сонымен қатар ол, есепте тұрған адамды қоғамға бейімдеу кезінде Пробация қызметкерлерінің де еңбегі көп екенін тілге тиек етті.  Осындай атқарылып жүрген жұмыстар үшін Кентау қалалық Пробация қызметіне Хантағы елдімекені әкімі атынан және өз атынан алғыс білдірді.

– Пробация есебінде тұрған сотталған Шартым қалалық мәслихаттың алғысына ие болғанына өте қуаныштымыз. Жалпы, бүл марапатты алған есепте тұрған Шартым өзін ортада жақсы ұстайды. Мінезі қарапайым, сабырлы, шаруасына тыңғылықты қарайды. Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібін бұзбай, жұмыста жүрсе де уақыт тауып, пробация тарапынан ұйымдастырылатын түрлі қоғамдық шараларға белсене қатысады, — дейді Кентау қалалық пробация кызметтінің аға инспекторы әділет капитаны Ғалымжан Бердишев.

Жаза басып қателікке ұрынған жас жігіт те өзінің жасаған қателігіне қатты өкінетінін де жасырмады. Өзіне сенім артып, алғыс хат табыс еткен мекемелерде адал еңбек ететінін де айтып өтті.

— Әрине, мен өзімнің жасаған қателігімді мойындаймын. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп ата-бабамыз бекер айтпаған екен.  Ұрыстың соңы төбелеске ұласып, біреуге жұдырық ала жүгіргеніме қазір қатты өкінемін. Сабырсыздықтың салдары өміріме өшпес таңба қалдырды. Ата-анамды жерге қараттым. Алдағы уақытта оқуымды аяқтап, жақсы бір мамандық иесі болсам деп армандаймын, — деді пробация есебінде тұратын Шартым.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...