12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жер атауларын тіркеу және қорғау

Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметкерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі.

Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.

Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі (лицензиар) тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін.

Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен – таңбаланады. Тауар белгісін тіркеу төмендегідей орындалады: Өз тауарыңызды немесе қызметіңізді тек бір ғана тәсілмен ерекшелендіре аласыз – ол өзіңіздің өніміңізге жекешелік қасиетін беру және де осы жерде тауар сапасы және оның өндірушісі туралы ақпаратты бейнелейтін тауар таңбасы зор рөл атқарады. Тауар таңбаларына құқық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап туындайды.

Тауар таңбасына куәлік алу үшін «ҰЗМИ» РМК-на талаптарға сәйкес толтырылған өтінім беру қажет. Өтінім сараптама жасау ұйымына үш данада тапсырылады. Өтінім бланкісі «ҰЗМИ» РМК сайтында http://www.kazpatent.kz «Бұйрықтар, ереже және нұсқаулықтар» бөліміндегі «Типтік келісімшарттар, бланкілер» бөлімшесінде орналасқан.

Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.

2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және: 1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;

2) мәлiмделген белгiнi;

3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.

3. Өтінімге сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс.

4. Өтінім және оған қоса тіркелетін құжаттар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде табыс етіледі. Егер құжаттар басқа тілде етілген болса, өтінім беруші екі ай мерзімде олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасын тапсырады. Төлем жүргізуге қажетті реквизиттер «ҰЗМИ» РМК сайтында орналыстырылған.

Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасының иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.

Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарын бұзған жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – 40, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ермек Киргизов,

Түркістан облысы Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы,

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ-ның Түркістан облысы филиалының мүшесі

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...