12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әділет министрі Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин бүгін Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде  қаңтар оқиғасы кезінде кәсіпкерлер субъектілеріне келтірілген залалға қатысты мәселе, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдаудың заңнамалық шаралары талқыланды.

-Жыл басында орын алған жантүршігерлік оқиғалар адамдардың өмірін қиып, кәсіпкерлерге, жалпы қала экономикасына орасан зор шығын келтіргені мәлім. Қазір қала басшылығы қаланы қалпына келтіру және зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Осы мәселелерді жан-жақты және мазмұнды талқылау мақсатында отырысқа министрліктің Сот сараптамасы орталығы мен Алматыдағы Сот сараптамасы институтының өкілдері қатысуда», — деді министр.

Кәсіпкерлік залалдарды анықтау бойынша 128 сараптама тағайындалып,  құрылыс, шаруашылық, сауда салалары бойынша жүргізілді. Оның 49-ы аяқталды, сараптама жасауға 12 жергілікті сарапшы және орталықтың аумақтық бөлімшелерінен 22 адам тартылды.

Қаңтар оқиғасы барысында зардап шеккен бизнес өкілдері министрге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Жекелей алсақ,  оларды сот тауарлық, құрылыс, экономикалық, өрт техникалық, құрылыс техникалық сараптамалардың жүргізілу мерзімі мен  ережесі толғандырды.

Министр өз құзыретінің аясына кіретін  сауалдарға толық жауап берді.

Сонымен қатар, Қанат Мусин министрліктің өз құзыреті шегінде кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарып жатқан шараларына тоқтала отырып,

«Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Электрондық техникалық төлқұжат және сәйкестендіру және техникалық ақпараттағы сәйкессіздіктерді анықтау бойынша қорытынды беру іске қосылды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап 9 мыңға жуық электронды төлқұжат берілді. Blockchain технологиясын пайдалана отырып, банк кепілі шарттарын тіркеу қызметі автоматтандырылды. 2021 жылдың 1 маусымынан бастап 1500-ге жуық кепіл шарты тіркелді. 2 сағат ішінде нотариаттық емес мәмілелерге құқықтарды электрондық тіркеу, сондай-ақ нотариаттық мәмілелер негізінде жеделдетілген электрондық тіркеу сәтті жүзеге асырылды», — деді министр.

Естеріңізге салайық, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізілді.

Егер де бұрын мәмілелерді жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі нотариус куәландырса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады. Сәулет және қала құрылысы органдарының жылжымайтын мүлік объектісін бұзғанын растайтын құжат беру жөніндегі функциялары заңды түрде бекітілді. Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы ақпаратты уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.

Қанат Мусиннің сөзінше кәсіпкерлер үшін тіркеу іс-әрекеттерін оңайлату бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, «Басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету)» қызметі автоматтандырылды. Қызмет 2021 жылдың қазан айынан басталды. Заңды тұлғаларды, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жол картасы бекітілді.

 ҚР Әлілет министрлігінің баспасөз қызметі

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...