12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Оңды өзгерістер бастауы

Сотқа дейінгі хаттама институтының Азаматтық процестік кодекске енгізілуі оңды өзгерістердің бастауы, медиация саласының кеңінен қолданысқа енгізілуіне үлкен көмек болды. Оны күнделікті сот процесінде көріп жүрміз. Бұрын қарапайым халық судьяны тек үкім кесуші, жаза тағайындаушы есебінде көрсе, елдегі соңғы өзгерістер, сот саласындағы жаңа бетбұрыстар бұл түсініктің қате екенін дәлелдей бастады. Қазір көпшілік судьяны бітімгер, әділетті төреші есебінде қабылдай бастады. Мұның бәрі соттағы ізгілендіру мен бітімгерлік бастамалардың жемісі. Бүгінде судья–бітімгер. Сотқа дейінгі хаттама реті бойынша қазір ол өзіне келіп түскен талап қою арызы негізінде осы мәселе бойынша құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығын тексереді және бес жұмыс күні ішінде көрсетілген талап қоюды қабылдау не қабылдаудан бас тарту мәселесін шешеді.
Татуластыру рәсімдерін жүргізу бұл ретте тараптарға қатысты тиімді тәсіл болып тұр. Мәмілені жүргізу кезінде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. АПК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асуға тиіс.
Сотқа талап қою келіп түскен сәтте татуластырушы судья тараптарға келесі күннен кешіктірмей татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақыру және сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін жібереді, онда тараптар өздерінің талап-тілектерін немесе қарсы наразылықтарының негізі ретінде сілтеме жасағысы келетін дәлелдемелер ұсынуға , оларды пайдалануға құқылы.
Татуластырушы судья бітімге шақыру, татуласу рәсімдерін жүргізу барысында медиацияның артықшылықтары туралы түсіндіреді, тараптардың әрқайсысына өздері сілтеме жасағысы келетін өз дәлелдерін өзара ашып, ұсынуға, ой пікірлерін ортаға салуға ақыл кеңесін береді.
Егер дауласушы тараптар бұл процестер барысында татуласа, келісе алмаса, онда сот ісі татуластырушы судьяның сотқа дейінгі хаттамасымен бірге істі мәні бойынша қарау үшін басқа судьяға қайта бөлінеді. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың процестік құқық нормаларын ескере отырып айқындайды. 
Дауласушы істі сот талқылауына дайын­дау барысында не осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларға сәйкес сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.
Осыған байланысты тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында өздерінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін дәлелдемелер ұсынған жөн, бұл оларға қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындарды азайтуға, дәлелдемелер мен дәлелдер алмасуға, сот талқылауының болжамды қорытындысын болжауға, дау бойынша ымыраға келуге, жанжалды сот дауларынсыз аяқтауға мүмкіндік береді. Істі қарап отырған татуластырушы судьялар талап қоюды АПК-нің 150-бабына сәйкес қабылдайды. Егер кодекстің 148-149-баптарына сәйкес келмейтін талап қою келіп түскен жағдайда, мұндай талап қою қайтарылуға жатады.
Татуласу, бір шешімге тоқтау бүгінгі қоғамда аса маңызды. Түйткілді мәселеде егер тараптар татуласа алмаса, онда татулас­тыру рәсімдері нәтиже бермегені, тараптардың қайсысы істі татуласумен аяқтағысы келгені, қандай себеппен тараптар татуласа алмағаны, жауапкер тараптың талап қоюымен келісімі ішінара немесе толықтай келіспегені анықтамада толықтай көрсетіліп жазылады. Бұл анықтама негізінде іс осы хаттамалармен бірге басқа судьяға қайта бөлінеді.
Қазақта «Кең болсаң, кем болмайсың» деген аталы сөз бар. Татуластырушы судья үшін тараптардың ортақ мәмілеге келіп, іс бейбіт, бітім жолымен аяқталғаны дұрыс. Бітім – қай кезде де бейбітшілік пен тұрақтылық бастауы.

Э.Асубаева,
Алакөл аудандық сотының төрағасы

Алматы облысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...