Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Берік Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Ломоносов атындағы ММУ «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2000-2001 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы болып жұмыс істеді.

2001-2003 жылдары — Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі.

2002 жылдан 2003 жылға дейін «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті болды.

2003-2005 жылдары Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарды.

2005-2007 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

2008 жылғы ақпан-тамыз аралығында Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.

2008-2012 жылдары — Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

2012 жылдан 2016 жылға дейін әділет министрі қызметін атқарды.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...