12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотты сыйламау жауапкершілік жүктейді

Әділ сот төрелігін атқару — әр судьяның қасиетті парызы. Демек, дана халқымыз «Билік айту — оңай, біліп айту — қиын» екенін бекер айтпаған. Соттар республика атынан шешім қабылдап, заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің бір тармағы. Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға болғандықтан, сот беделі – сот шешімдерінің әділдігі мен судьялардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.

Судья тек заңды жүзеге асырып қана қоймайды, ол – азаматтар құқықтары мен бостандықтарының әділ қорғалуына кепілдік етеді. Сот актілерінің әділдігі кез-келген мемлекеттің демократиялық негізі десек, судья сот төрелігін іске асыруда тәуелсіз, Конституция мен заңға ғана бағынады. Сондықтан, олардың қызметіне араласуға ешкімге жол берілмейді және судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судьялар Одағының VIII съезінде сот жүйесінің тәуелсіздігін маңызды басымдық ретінде атады. Әрі «Отандық және халықаралық сарапшылар судьяларды әлі де болса, соттар мен сот алқаларының төрағаларына тәуелді деп санайды. Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты ешкімде күмән болмауға тиіс» деп мәселенің басын ашып берді. Президенттің бұл сөзін судьялар тәуелсіздігінің кепілі деуге толық негіз бар.

Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру азаматтарға заңда белгiленген жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан, сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар, лауазым иелері, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Судья шешімді қандай да болмасын сыртқы ықпалға қарамастан, Конституция мен заңдарды басшылыққа ала отырып, нақты дәлелдемелерге сүйеніп, ішкі нанымы бойынша қабылдайды. Оның шынайы тәуелсіздігі заңды қатаң сақтауы мен қабылдаған шешімінің әділеттілігіне негізделеді.

Сотқа жүгіннен күннен бастап бастап азаматтар өз құқықтарын қорғауда жауапкершілікті сезінулері шарт. Өйткені, жалған сөйлеп, шындыққа жанаспайтын фактілер келтіру – сотты сыйламаудың бір түрі. Сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, ел заңдарын сыйламау болып табылады. Бұларды айтып отырғанымыз, сотқа келушілер арасында заңдылықтарға мән бермейтіндер жоқ емес, бар. Заңды білмеу салдарынан кей азаматтар, тіпті, сот процесінде өздерін қалай ұстап, қалай сөйлеу керектігіне мән бермейді. Бәрін эмоциямен шешкісі келеді. Сотты сыйламаудың бір көрінісі сот шақыртуына келмеуден де көрінеді.

Сотта заңдық білімі бар адамдар ғана өкілдік ете алады. Алайда, солардың арасында да істі құр айқаймен жеңуді мақсат ететіндер кездеседі. Өкініштісі, тараптар соларға сенеді. Істің заң аясында дұрыс шешілгенін біле тұра жоғары саты соттарына шағымданып жатады. БАҚ-тар арқылы шу тудырғысы келеді. Сұратылған құжаттардың дер уақытында өткізілмеуі істі созбалаңға салады. Сот талқылауында тараптарға мұның бәрі жан-жақты түсіндіріледі.

Елбасы «Халықтың соттарға сенімі — мемлекетке деген сеніммен пара-пар» деуі судьяларға, жалпы, сот жүйесіне жүктелген үлкен жауапкершілік. Сондықтан, азаматтарымыз құқықтық білімдерін одан әрі жетілдіріп, заң аясында ғана әрекет етуге ұмтылса нұр үстіне нұр болар еді.

Шынар Ргебек,

Қазыбек би аудандық сотының судьясы

Қарағанды қаласы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....