12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жала жапқанға жаза ауыр

Қазіргі таңда ақпарат тарату көзі өте көп. Бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, түрлі әлеуметтік желілерден, хабар алмасу қосымшаларынан келіп жатқан мәліметтердің көптігі соншалық кейде құзырлы орындар оларды саралап үлгермей жатады. Сондықтан қарапайым халық келіп жатқан ақпараттардың қайсысының ақиқат, қайсысының жалған екенін білмей абдырап қалады. Осы орайда ақпараттың ешкімге жала жаппай, барынша шынайы болуы аса маңызды.

Өйткені қандай да бір жолмен тарап кеткен жалған ақпарат, біреуге жала жабу кез келген жанның өміріне айтарлықтай әсерін тигізуі әбден мүмкін. Осы орайда айта кетер жайт, 2019 жылдың аяғында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстің 130-бабын, «Жала жабуды» қылмысқа жатқызбай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Азаматтардың абырой-беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарататын көптеген анонимдік дереккөздер, жалған аккаунттар мен парақшалардың көбеюіне алаңдаған кезеңде жала жабуды қылмыстық кодекстен әкімшілік кодекске ауыстыру қоғамның қызу талқысын тудырды. Нәтижесінде биылғы жылы маусым айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бұл мәселе шешімін тапты.

Айта кетер жайт, осыған дейінгі Қылмыстық кодексте 130-баптың 1-тармағы бойынша жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, не бір жылға дейiн бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылатын. Ал көпшiлiк алдында немесе БАҚ, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет үшін 2 мың АЕК айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген еді. Егер  адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр қылмыс жасады деп айыптаса, 3 мың АЕК айыппұл немесе 3 жылға жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған болатын.

Жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту нәтижесінде жала жабу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабына ауыстырылды. Бүдан былай жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату – жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Ал көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға өзгертілген. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер – жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға толықтырылды. Айта кетер жайт, көптеген мамандар осы уақытқа дейін жала жабушылардың қылмыстық кодексте көрсетілгендей айыпқа тартылмағанын, яғни заңның өз күшінде жұмыс істемегін айтуда. Осы орайда бүгінгі таңда өзекті болып отырған осы мәселеге орай әкімшілік кодекске сай жала жапқан жанның жазаланып, ал өзгертілген заңнама көпшіліктің аузын байқап ашып, бөтен адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретіндей пікір айтпауына мұрындық боларына үміт зор.

Есбергенова Шолпан Ерлановна, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...