12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БІШКЕК «БҮЛІНІП» ЖАТЫР

Қырғызстанда 4-қазандағы Парламент сайлауы әділетсіз өтті деп санайтын саяси партия өкілдері билікке наразылық білдіріп, бірнеше мың адам митингке шықты. Бішкектің Ала-Тоо алаңындағы жаппай наразылықтың арты саяси талаптар қою мен полиция арасындағы қақтығысқа ұласты. Нәтижесінде көтерілісшілер Бішкекте президент резиденциясына басып кіріп, Ақ үйді талқандап тастады. Одан қалды, қамауда отырған экс-президент Алмазбек Атамбаев пен 18 жылға сотталып кеткен премьер-министр Сапар Исаковты босатып алды. Салдарынан наразы топтан бір адам қайтыс болып, 590 адам жарақат алды, – деген ақпарат тарады.

Ал президент Сооронбай Жээнбеков «сайлаудағы заңсыздықтар анықталса, сайлау қорытындысын жоққа шығаруды тапсырғанын» мәлімдеді. Бұл Қырғызстанда болып жатқан кезекті төңкеріс. Кезекті дейтініміз 2005 жылы Парламенттік сайлаудан кейін тура осындай толқулар болып, сол кезде елдің президенті болған Асқар Ақаев биліктен кеткен еді. «Қызғалдақ төңкерісі» атымен тарихта қалған оқиғадан кейін Ақаев шетелге қашуға мәжбүр болды. Бастысы қан төгілмеді. Кейін Ақаев Ресейде ғылыммен айналысып, Мәскеу мемлекеттік университетінде жұмыс істеп жүр деген ақпарат тарады.Бұл Қырғыз еліндегі бірінші революция болатын. Араға бес жыл салып, 2010 жылы Қырғызстанда тағы да жаңа толқу орын алды. Талас қаласында басталған наразылыққа оппозиция жетекшілерінің шетінен қамауға алынуы түрткі болды. Жиналған халық облыстық әкімшілік ғимаратынан кейін Ішкі істер басқармасын басып алып, өрт қойды.Бірақ бұл жолы 87 адам көз жұмды. Нәтижесінде сол кездегі Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің билігі құлап, ол Беларусь еліне кетті. Бұл Қырғыз еліндегі екінші революция еді. 2010 жылғы төңкерістен кейін Қырғызстанда уақытша үкімет құрылып, арнайы декретпен Роза Отынбаева өтпелі кезеңнің президенті болып жарияланды. Оның тұсында Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында қанды қақтығыс болды. Соның салдарынан 400-ден астам адам қаза болды. Отынбаева Қырғызстанның бірінші әйел президенті ретінде тарихта қалды.
Ал 2011 жылы қазан айында президенттік сайлау жарияланды. Сол сайлауда Алмазбек Атамбаев президент болып сайланды. Жаңа конституция бойынша Атамбаевтың алты жылдық мерзімді өткерген соң, қайта сайлауға түсуге құқы болмады. Сол уақытта Атамбаев тақтан революциясыз кеткен президент атанды.
Осылайша, 2017 жылы қазан айында Қырғызстанда алғаш рет президентті конституцияға сай мерзімде сайлады. Жаңа президент болып социал-демократиялық партияның мүшесі, Алмазбек Атамбаев қолдаған үміткер Сооранбай Жээнбеков сайланды. Экс-президент оны досым деп таныстырды. Біраз уақыт Атамбаев пен Жээнбеков жақсы қарым-қатынаста болды. Бірақ кейін екеуінің арасы тым суып кетті. 2018 жылы наурызда бұрынғы достар арасында келіспеушілік туындай бастады. Сооранбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаев кезеңіндегі атқарылған шаруаларды тексеріп, қылмыстық іс ашты. Алмазбек Атамбаев пен премьер-министр болған Сапар Исаковты тексере бастады.Тіпті Атамбаев берілмей, өз үйінде бір күн атысқаны туралы ақпарат та тарады. Ақыры Алмазбек Атамбаев ұсталып, ол 12, Сапар Исаков 18 жылға сотталып кеткен еді. Міне, енді 2020 жылдың қазан айында тағы да төңкеріс орын алды. Бұл жолғы себеп – Парламенттік сайлау. Парламентке халық өтеді деп күткен «Ата Мекен», «Республика» және «Бир бол» партиялары өтпей қалған. Нәтижесінде, 4-қазанда сайлау учаскелері жабыла салысымен, оппозициялық партиялар «жаппай заңбұзушылық болған» сайлау нәтижелерін мойындамайтындарын айтып, Бішкекте наразылық жиынын өткізеді. Ары қарай, болған жағдай жалпақ жұртқа аян.
Көршілес жатқан қырғыз еліндегі оқиға Қазақстан қоғамының да назарын аударды. Әлеуметтік желіде пікір екіге бөлінді. Бірі жақтады, бірі даттады. Не десек те, революциядан кейін дамып, өркендеп кеткен Қырғызстан экономикасын көрмедік. Жалпы, «революция қайыршылыққа, ал қайыршылық жаңа революцияға ұрындырады» деген тәмсіл бар. Қазақ даласының кемеңгері Төле бидің «Бірлігі мықты ел болса, барлығы бауыр болады, Отқа иелік болмаса, жеріңді өрт шалады.Әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады», – деген сөзі бар-ды. Қазіргі заман білекке емес, білім мен бірлікке сенетін уақыт.

Эмил ЖОРОЕВ, Қырғызстан саясаттанушысы:

– Қазіргі кезде Қырғызстандағы саяси ахуал өте тұрақсыз боп тұр. Әртүрлі күштер, әрқандай саяси топтар мен партиялар өздерінің кандидаттарын премьер-министрлікке ұсынып жатыр. Әзірге қандай да бір консенсусқа келуге мүмкіндік болмады. Соңғы жаңалықтар бойынша, белгілі бір деңгейде наразы партиялар арасында мақұлдық пайда болды. Алайда, оған қарсы күштер де шығып жатыр. Сондықтан саяси тұрғыда тұрақсыздық сақталып қалуда. Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуі әбден мүмкін. Бүгін не ертең емес, біраз уақыттан кейін кетеді. Өз еркімен отставкаға кетуге арыз беруі қажет немесе Парламент президент Жээнбековке импичмент жариялауы керек. Екі механизм бір-бірімен байланысқан. Парламентте бүгін үшінші күн кворум жиналмай, президентті заңды түрде отставкаға жіберуге мүмкіндік болмай тұр. Соңғы сағаттарда Президенттің қандай да бір рөлі бар деген ұсыныстар түсіп жатыр. Президент Жээнбеков отставкаға кетпей, аз құқықтарымен елді тұрақтандыруға үлес қоса алады деген. Қазір ол формальды түрде ғана президент. Қай жерде екені де белгісіз. Тұрақтандыру жолдарының ешқайсысы әзірге мақұлданбай жатыр. Елді бөліп жатқан бірінші мәселе, Үкіметке кімнің жетекші болатыны. Премьер-министр кім болады деген мәселе екі күннен бері талқылануда. Жеткілікті деңгейде барлық тараптың мақұлдауын таппай жатыр. Екіншіден, президент отставкаға кете ме, өзі кете ме, импичмент жариялана ма деген сауал. Үшіншіден, қандай күштер мен саяси партиялар шешім қабылдау керек? Әркім әртүрлі ұсыныс, талап қойып мақұлданбай жатыр. Қазіргі кезде ең маңызды мәселе қысқа мерзімде уақытша Үкімет қалыптастырып, Қырғызстандағы тәртіпті реттеп, жаңа сайлауға жол ашу.

Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлап, Қазақстанда республика соттарының сот отырысын тікелей эфирде өткізу тәжірибесі жалғасып жатқаны атап өтілді.

Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Министрлік жауабы

Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясында тағайындаулар жүргізді

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясында тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мемлекет...

«Жедел жәрдем шақыр дедім»: шымкенттік көріпкел сотта жауап берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында көріпкелден жауап алынды,...

БҚО-дағы су тасқыны: Жайықтағы қазіргі жағдай қандай?

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Орал қаласында Жайық өзенінің су...