12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

COVID-2019: “ШЕВРОННАН” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК

Қазақстанға COVID-19 дәрі-дәрмектері жеткізілді. «Шеврон» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне оларды сатып алуға және жеткізуге көмек көрсетті.  «Шеврон» корпорациясының бастамасы аясында COVID-19 пациенттерін емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы Алматы қаласына келіп жетті. «Шеврон» бұл медициналық дәрілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көрсетілген гуманитарлық көмек аясында сатып алып жеткізді.

«Шеврон»  компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін үнемі танытады. Сіздер Қазақстандағы өзекті мәселелерге ешқашан бейжай қарамайсыздар. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек үшін, дәрілер үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстандағы коронавирустық инфекция мен пневмония індетінің таралуын біз бірігіп тоқтата аламыз», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Шеврон» компаниясының атынан мен Алматы қаласына дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы келгенін қуанышпен хабарлаймын, олар Қазақстан емханалары мен ауруханаларындағы пациенттерге жеткізілетін болады. Осы қайырымдылық жобамыз арқылы біз Қазақстан халқына осындай күрделі уақытта қолдау көрсеткіміз келеді», – дейді Еуразия бөлімшесі басқарушы директоры Джон Балтц.

Осы шара Қазақстан Республикасына COVID-19 індетімен күресуге көмектеседі.  Мемлекеттің пандемияға қарсы күресіне көмектесу үшін «Шеврон» Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып Қазақстанға аса қажетті дәрі-дәрмектер тізімін құрды.

Дәрі-дәрмектерді жеткізумен қатар бұл бағдарлама медициналық жабдықты сатып алу мен жеткізуді және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін COVID-19 індетіне шалдыққан адамдарды емдеуді оқытуды қамтиды.

«Шеврон» корпорациясы әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Бүкіл әлемде бизнесін жүргізетін еншілес компаниялары арқылы компания энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, көлік отыны мен жанармайды тазартады, нарыққа шығарады және таратады; мұнай-химиялық заттар мен қоспаларды өндіреді; қуат өндіреді және компания операцияларының барлық салаларындағы бизнес құндылықтарын арттыратын технологияларды әзірлейді және қолданады. «Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Сан Рамон қ., Калифорния штатында орналасқан.

«Шеврон» туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Изменения правил платежей и переводов: что важно знать

​​​​​​​В 2025 ГОДУ В КАЗАХСТАНЕ АКТИВНО ВНЕДРЯЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ В...

Крупные кредиты: почему согласие супруга стало обязательным

​​​​​​​​​​​​​​С сентября 2024 года в Казахстане действуют новые правила...

Урок права в формате диалога

​​​​​​​Для общества диалог полиции и молодежи сегодня очень важен,...

Студенты и современные технологии

В Южно-Казахстанском университете им. М. Ауэзова в г. Шымкенте...

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...