12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықпен күрес күшейтілу үстінде

Бүгінгі күні қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі жемқорлық болып отыр. Ол мемлекеттің бастамалары мен өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін, қоғам үшін аса қауіпті әрекет болғандықтан онымен күрес ешқашан тоқтамақ емес. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Негізі елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Күрес тәсілдері жетілдірілу үстінде. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Соның ішінде, жемқорлық фактілерімен ұсталған азаматтарды жұмыстан қысқартып, ол лауазымға қайта орала алмайтын тәсілдерді қолдандық, айыпқа тарттық, соттадық, әлі күнге жемқорларды жазалаудың түрлі жолдарын қарастырудамыз.  Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Пара алған адам қандай жауапкершілікке тартылса, пара берген адамның да жауапкершілігін ұлғайту керек. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Халықтың мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке барлығымыз атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет.  Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Бүгінгі күні сыбайлас жем­қор­лық ұғымы азаматтық қоғам­да үйреншікті құбылысқа айнал­са, ал екінші жағынан Қазақ­стан­ның қауіпсіздігіне, елдің эко­но­­ми­­ка­сының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда. Ста­­­­тис­­­тикалық мәліметтерге қа­ра­­­­­ған­­­да, рес­публикада сыбайлас жем­­қор­­­лық­тың нәтижесінде кө­лең­­келі бизнес дамып, жылы­на мем­­­ле­­­кеттік қазынаға түсетін едәуір кіріс желге ұшқандай болады.  Жемқорлықпен айналысатын адам өзіне міндеттелген қызметті дұрыс орындамай, оны жеке басының табысы үшін пайдаланады. Қоғамның дамуын тежеп, оны арам дүние табуға жұмсайды. Сондықтан жемқорсыз қоғам құру басты мақсат болуы керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Яғни жемқорлыққа қарсы бүкіл қоғамның қарсылығы аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналса онымен күрес нәтиже бермек.

Кыдырмуратова Гульнара, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының бас маманы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...