12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезінің сот саласына берері мол

Биыл елімізде Қазақстан судья­ларының VІІI съезі өтеді деп жоспарлануда. Сот жүйесінде іске асырылған реформалардың мақсаттарын жүзеге асыру барысында судьялар съезінің алатын орыны ерекше. Әрбір съезд сот жүйесіндегі маңызды оқиға ғана емес, белгілі бір кезеңдегі атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын және алдағы уақыттағы даму жоспарларына бағыт-бағдар беретін жиын. Елімізде өткізілген Қазақстан тарихындағы жеті съездің алға қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау барысында елімізде әділ де мықты сот билігі құрылды. Қоғамымызда тұрақтылық, сенімділік, қауіпсіздік сезімдерін тудыратын заңдар жұмыс істейді, әр адам өз мүддесін қорғай алады. Тәуелсіз сот билігі өте қысқа мерзім ішінде қалыптасты және қоғамдағы әлеуметтік дауларды заң негізінде әділ шешуді қамтамасыз етудің, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепіліне айналды.
Ең алғаш судьялар съезі 1996 жылы 19 желтоқсанда өткізілді. Судьялардың I съезінің қаулысымен мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлу туралы конституциялық ережедегі сот реформасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. II съезде қабылдаған шешімде Судьялар қоғамдастығы мен мемлекеттік органдардың сот билігінің беделін арттыруы, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуі тұжырымдалды. Адамдардың сотқа сенуі, өз мүдделерін қорғауы үшін сотқа жүгінуі – сот-құқықтық реформаның басты нәтижесі екенін Елбасымыз 2001 жылы 6 маусымда Астанада өткен Судьялардың III съезінде тиянақтап берді. Елімізде қылмыстық жазаларды ізгілендіру мәселесі осы жолғы судьялар съезінде көтеріл­ген болатын. Сондай- ақ нарықтық экономикалық шарттардан туын­д­аған жаңа әлеуметтік қатынастар ықпалын жете түсінген тұңғыш Президентіміз, барлық облыстарда ма­ман­­дандырылған экономикалық, әкімшілік, кә­ме­летке толмағандардың істері жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық, өзге де салалық соттарды құру жайлы Жарлықтарына қол қойды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 2005 жылғы 3 мау­сымда өткен Судьялардың IV съезінде қадағалаушы сатыларды барынша қысқартып, сот ісін оңтайландыруды неғұрлым жетіл­дірудің жаңа міндеттері талқыланды. Сонымен қатар, судьяларға қойылатын талаптарды қатайтуға, судьялардың біліктілігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Сот академиясы Қазақстан Респуб­ликасы Президенті жанындағы Басқару академиясының Сот төрелігі инс­титуты болып қайта құрылды. Аса ауыр қылмыстарды Алқабилердің қатысуымен қарау 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл сот төрелігін халық өкілдерінің қатысуымен ашық әрі шынайылықпен жүргізудің нормаларын айқындап берген заңдылық құжаты болды. Судьялардың V съезінде сот ісін жүргізуді оңтайландыру, қадағалау инс­танцияларының санын азайту, аудандық соттардың тәуелсіздігін нығайту мен рөлін арттыру жөнінде міндеттер қойды. Бұл тапсырмалар өз ретімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңда көрініс тапты.

Республикадағы сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығының бірден-бір көрінісі —  ол жаңа инновациялық технологиялардың енгізілуі. Шағымдарды электронды түрде қабылдау, SMS хабарламаларды қабылдау, компьютерлік техникалар мен бейнебайланыс жүйесін қолдану  уақыт талабына жауап береді. Бұл да судьялар съезінде талқыланып, уақыт өте шешімін тапқан талаптардың бірі болатын. Қазақстан соттарына бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты талдау жүйесі енгізілді. Судьялар мен сот қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар қауымдастығының съезден съезге дейін атқарылған жұмыстарының мақсат-мүддесін айқындап беретін жиында судьялар арасында моральдық тазалықты, парасаттылық пен әділдікті, кәсіби біліктілікті арттыруға ерекше назар аударылуда. Сот жүйесінің дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына, әр аймақтан келген судьялардың ой-пікір алмасуына, сот жүйесіндегі жетіспеушіліктердің толықтырылып, қамтамасыз етілуіне ықпалын тигізетін биылғы съезден де күтеріміз көп.

Саликов Турсынхан Токтарбаевич, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...