ДСМ: Коронавирустың екінші толқынында елімізде 50 мыңнан астам адам ауруы мүмкін

Егер негатив болжам орындалатын болса, онда жақын арада Қазақстанда 50 мыңнан астам адам індетке шалдығуы мүмкін.
Коронавирустың екінші толқынында елімізде 50 мыңнан астам адам ауруы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.

«Болжамның үш түрі болады: негатив, болуы мүмкін орташа және позитив. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі және Үкімет негатив болжамға дайын. Егер негатив болжам орындалатын болса, онда жақын арада Қазақстанда 50 мыңнан астам адам індетке шалдығуы мүмкін. Сондықтан оның алдын алу үшін барлық емхананы дайындадық. Дәрі тапшылығы мәселесі бүгінде шешілді. Сондай-ақ, тұмауға қарсы екпе науқаны биыл екі апта ерте басталады. Яғни, 15 қыркүйекте бастаймыз. Аталған жұмыстың нәтижесі, Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, негатив болжамды жоққа шығарады», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып, медициналық жабдықтар сатып алып жатыр. Қазір 185 медициналық ұйымның 132-сі ғана рентген диагностикалық аппаратымен қамтамасыз етілген, 2020 жылдың қазанына дейін олар 100% жабдықталады.

Когда диалог сильнее конфликта

Не каждый спор должен заканчиваться судебным разбирательством. Иногда достаточно...

Зеленая энергия: перспективы и крайняя необходимость 

КАЗАХСТАН ПОСТЕПЕННО ИСПОЛЬЗУЕТ ВОЗОБНОВЛЯЕМЫЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ. ЭТО ХОРОШИЙ ТРЕНД....

Господдержка в поисках отдачи?

С 2010 ГОДА НА ПОДДЕРЖКУ ОБРАБАТЫВАЮЩЕЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В КАЗАХСТАНЕ...

Наука как ширма для хищений

Государственная поддержка научных разработок призвана приближать будущее: превращать идеи...

Криминальный стартап Дело врачей №3 

В ОСНОВЕ ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЙ, В ТОМ ЧИСЛЕ И ПО...