12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік теңдік уақыт талабы!

Гендерлік теңдік адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік тақырыбына айрықша көңіл бөлініп келеді. Негізі Қазақстанның Конституциясы адам­ды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады. Сондықтан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Атап айтсақ, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Рес­пуб­ли­касының гендерлік теңдігі стратегиясы әзірленіп, 2009 жылы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Бұған қоса 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға де­йін­гі отбасылық және гендерлік сая­сат тұжырымдамасы жарияланды. Атап айта кетерлік жайт, ген­дерлік тепе-теңдік пен адам капиталын дамытуға, отбасы құндылығын нығайтуға бағытталған. Дегенмен осындай бас­та­­малар жиі жүзеге асырылып жатқа­нымен, әлі де болса қоғамда гендерлік теңдік бағытында  шешімін таппай отырған мәселелердің де бары рас.

Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер — тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Жалпы, қазіргі кезде қоғамның бар­лық саласындағы жұмыстарға әйел­дердің араласуы үйреншікті жағ­дай­ға айналған. Яғни, жұрт жұмыстың қай түріне болсын, «ердің күші, әйел ісі» деп қарап жатпай, кірісіп кетеді. Осыдан келіп отбасын асырау міндетін әйелдер де мойнына алып, жауапкершілік жүгін ерлермен теңдей көтереді. Бірақ қашаннан шаңырақтағы жылылықтың ұйытқысы болып келген әйел затының үй ішіндегі орны лайықты бағаланбай, кемсітуге тап келетін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан күйеуінен теперіш көріп жүрген әйелдің қоғамдағы теңдігінен бұрын отбасында мендігін қалып­тас­тыруды жиі насихаттаған дұрыс. Жо­ғарыда аталған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік сая­сат тұжырымдамасының негізгі мақ­са­ты­ның бірі – осы әйелдің мәртебесін көтеру арқылы отбасы құндылығын арттыруға бағытталады. Қазіргі қазақ қоғамында, ұлттық ерекшеліктерімізге бағына отырып, бұл дұрыс қадам деп айта аламыз. Дегенмен гендерлік теңдік ұғымы зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде жою, әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ер балалардың білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және саяси өмірге қатысу үшін тең мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Сондай-ақ бұл жалпы жұмысқа орналастыру және басшылық лауазымдарға орналасу мүмкіндіктеріне де қатысты.

Әйелдерді қоғамдық істерге, бизнеске және басқа да салаларға тартуға келгенде біз ел көршілес мемлекеттерден көш ілгері тұр. Қазіргі күні Қазақстанда білім беру саласында — 90 пайыз, ал денсаулық сақтау саласында 80 пайызға жуық әйелдер қызмет жасайды екен. Алдағы уақытта да бұл көрсеткішті арттыра отырып, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру міндеті тұр. Ендігі жерде еліміздегі тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларын азайтуға да көңіл бөлінуде. Өйткені статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады екен. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып жатыр, құқық бұзушыларға ықпал етудің нәтижелі тәсілі заңдық тұрғыда енгізіліп, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізу, әйелдерге психологиялық көмек беріп, уақытша паналату, қорғау орталықтары ашылуда. Гендерлік құқық, теңдік сан жылдарлдан бері әлемдік деңгейдегі түрлі конференциялар мен бағдарламалар, іс — шараларда көтеріліп жүрген маңызды мәселе. Сондықтан уақыт өте елімізде бұл мәселелердің шешім табарына сенім мол!

Х.К. Керимова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

 

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...