12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Контитуцияны білу баршаға міндет

Ата Заң, заңнама, құқық ұғымдары ауқымды. Тарихқа үңілсек, көне замандардың өзінде адамзат баласы белгілі бір заңмен өмір сүрген. Конституция еліміздің ең негізгі құқықтық бас құжаты. Сондықтан, оның талаптарын білу, біліп қана қоймай құрметтеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Өкініштісі, қоғамымызда Ата Заңды қолына ұстап көрмеген замандастарымыз да бар. Бұл құқықтық мәдениеттің жоқтығы десек, соның салдарынан азаматтар әдетте өздерінің мәселелерін заңсыз шешуге тырысады. Алайда, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, Конституция нормаларын мереке қарсаңында ғана еске алмай, барлық уақытта білген абзал.

Академик Сұлтан Сартаевтың мәліметіне сүйенсек, біздің ел болып қалыптасу жолымызда бес Конституция болған. Солардың ең алғашқысы – 1924, екіншісі – 1937, үшіншісі – 1978 жылдары қабылданса, одан кейінгісі Тәуелсіз ел тарихындағы екі Конституция. Тағы бір дерекке жүгінсек, Алаш арыстары Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, Б.Қаратаев, ағайынды Досмұхамедовтер 1917 жылы «Қазақ» газетiне «Алаш» партиясы бағдарламаларының жобасын» жариялайды. Өзекті мәселелердi қамтыған осы құжат – «Алаш» автономиясының Конституциясын өмірге ендіруді армандайды. Бірақ, бұл арман Тәуелсiз Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғанда ғана орындалды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің Бас құжаты ең алғаш 1993 жылдың қаңтарында, қабылданып, ол 1995 жылы өзгертіліп, толықтырылды. Қолданыстағы Конституцияның ерекшелігі ол жалпы халықтық референдумда қабылданды. Тұңғыш Конституцияның жазылу тарихы 1990 жылдан бастау алады. Дәл осы жылдың қазанында Қазақ КСР Жоғары кеңесінің қаулысымен Қазақстанның егемендігі туралы тарихи құжат қабылданып, онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы айқындалды. Нақты айтқанда, ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, т.б. маңызды міндеттер ретінде танылды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданды.

Қолданыстағы Конституция 1993 жылғы Конституцияға қарағанда конституциялық қағидаларды жеке-жеке бөліп, өрбітті. Яғни, онда көрініс тапқан конституциялық қағидалардың өміршеңдігін көруге болады. Конституцияның бірінші бабында мемекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген. Бұл ұғым тәуелсіздігімізбен тамырлас әрі бұл норманы Конституция аясында қабылданған барлық заң атаулыға жол сілтейтін бас бап деуге болады. Ата Заңымыз өзінің екі мүшел тарихында бірнеше кезеңді өткерді. Түрлі сын сағаттарда сыналып, жүздеген заңдардың жаңаруына, толықтырылып, жетілдірілуіне себеп болды.

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екені Конституциямен бекітілді. Демек, Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика

президентінің, сондай-ақ, өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің ғана құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктер шегінде ғана билік жүргізеді. Халық билігі – бұл Конституцияда жинақталған негізгі ой. Қазақстан Республикасының қалыптасуы кезінде, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы шағында, дәл осы конституциялық құрылысты жасау біздің алғашқы Үкіметіміздің бірінші әрі маңызды міндеті болды.

Конституциялық реформалар қоғам мен мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық саласын одан ары жаңғыртудың берік негізін қалады. Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта лайықты орнын алғаны осының айғағы. Конституциямыз әрқашан да заңдылықтың, келісімнің және еліміздің қарқынды дамуының кепілі болып табылады.

Жанар Ибрагимова,

Алматы облыстық мамандандырылған

ауданарлық экономикалық сотының судьясы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...