12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот саласы жаңғыру үстінде

Қазақтың даукестікке жаны қас екені тарихтан белгілі. Ертеде елді ұйытқан құқықтық құжаттардың қай-қайсына көз жіберсеңіз, тамырының татулыққа негізделгенін аңғару қиын емес. Ал «Билік мықты болса, тірлік құтты болады», «Билік айту оңай, біліп айту қиын» деген дана сөздер тірліктің түзу болуы биліктің әділдігіне тікелей тәуелді екенін ұқтырады. Міне осы биліктің әділ, төреліктің тура болуына ықпал ететін алғышарттар бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Билердің сара жолы сот жүйесінің жандануымен ілгерілеп, іргесі бекіп келеді. Қазақстандық соттың бет-бейнесі өзгеріп, халықаралық талапқа сай дамығанын өткеніміз бен қазіргімізді салыстыру арқылы да бағамдауға болады.

Сот жүйесінде қолға алынған реформалардың нәтижесінде үшінші биліктің материалдық жағдайы да, жұмыс істеу ырғағы мен сапасы да жаңа биікке көтерілді. Соттарың материалдық-техникалық мәселесі толық шешілген. Республика соттарының басым бөлігі зәулім, жаңа, кең ғимраттарда жұмыс істеп жатыр. Көпшілігі толықтай жөндеуден өткен. Сот мәжіліс залдарының дыбыс-бейне құрылғылармен қамтамасыз етілмегені жоққа тән. Сонымен бірге, күту залдары, медиация кабинеттері, фронт кеңселер азаматтардың соттағы жұмыстарын жеңілдетуге барынша көмектеседі.

Материалдық жақтан толық қамтылған соттардың жұмыс сапасын көтеруіне де барлық жағдай жасалған. Республика судьяларының әрбір төрт жыл сайын өтетін сьездері талай сындарлы заңнамалардың қабылданып, көптеген бастамалардың тәжірибеге енгізілуіне септігін тигізді. Соның ішінде алқабилер институтының жанданып, медиацияның өркен жаюы, мамандандырылған ауданаралық соттардың енгізіліп, судья әдебіне қатысты құжаттың қабылдануы үшінші билік келбетіне керемет бетбұрыс жасады.

Соттардың жүктемесін жеңілдету, ашықтық, қолжетімділік ұстанымын сақтау, заманауи технологияның жаңашылдықтарын пайдалану төрелік алаңына үлкен серпіліс жасады. Соның арқасында «Сот кабинеті» бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық сервис белсенді қолданылып, іс-қағаздарын тек онлайн жолдауға, құжаттарды дер кезінде реттеуге жол ашты. Арыздар мен материалдарды сот судьяларына автоматты түрде бөлудің енгізілуі де үшінші билікке қатысты жағымды имидж қалыптастырудың бір тәсілі болса керек. Оның үстіне, істердің компьютер арқылы бөлінуі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, азаматтардың тазалыққа, әділдікке деген сенімін еселеуге көмектесетін пәрменді тетік.

Бүгінде сот саласын жаңғыртуға бағытталаған реформалар үзілмей жалғасып келеді. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті жобасы» стратегиялық бағдарламасы бойынша қолға алынған қанатқақты жобалар да жеткілікті. Мұның барлығы отандық соттың беделін биіктетіп, сапасын көтеретін тетіктер.

Рустам Измайлов,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...