12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сауатты елде іс созбалаңға салынбайды

Жыл сайын қазақстандық заңдар толығып, халықаралық талаптарға орай жаңғырып жатыр. Дамыған отыз озық мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат еткен біздің еліміз үшін халықтың құқықтық сауатын көтеру басты меженің бірі. Себебі күнделікті қарым-қатынастан бастап, еларалық мүдделерді заңдық келісіммен шешпеген мемлекетте дамудың болуы күмәнді. Азаматтар өзінің мүддесін жұдырықпен емес, заңдық талаптарға сай шешкенде ғана елдің болашағы жарқын. Мұндай мемлекеттерге инвестиция құйып, достық байланыс орнатуға өзге елдер де ынталы. Сондықтан біз өз алдымызға жеке мемлекет болған сәттен бері құқықтық мәдениетті күшейтуге барынша күш салып келеміз.

Қазіргі кезде сот қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының артықшылықтарын жұртшылықты таныстыру бойынша жүйелі жұмыстарды қолға алып отыр. Азаматтар өздерін қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын білуі керек. Айталық, жаңа заңнамада тараптарды татуластыруға барынша кең мүмкіндік берілген. Бұрын бес жұмыс күні ішінде тараптарды жинап, уәждарын тыңдап, ортақ келісімге келтіру керек болатын. Өкінішке орай, мұндай аз мерзім екі жақтың бір-бірінің талабымен танысып, өз мүмкіндіктерін ұсынуына аздық етті. Соның кесірінен көп дау оң нәтижеге жетпей орта жолда қалатын. Ал жаңа өзгерісте тараптардың татуласуы үшін жұмыс күні берілген. Бұл судья-медиатордың екі жаққа медиацияның артықшылығын түсіндіріп, дауды бейбіт шешуіне жеткілікті мерзім. Міне, осы өзгерістің өзі жаңа құжаттың азаматтық процесті азаматтар үшін қолжетімді, оңтайлы еткенінен хабар берсе керек.

Ғалым Бекбатыр,

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...