12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АПАТ ЗАРДАБЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

1 мамыр күні Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, 2 мамыр күні сағат 01.30-да еліміздегі Мақтаарал ауданының Жеңіс, Жанатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық 5 елді мекендерін су басып, жергілікті аумақтық төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған еді.

Апаттық құтқару жұмыстарына 1635 адам, 297 техника, 17 қайық, 220 мотопомпа жұмылдырылып, су басқан елді мекендерден 11 млн 798 мың литрден аса су шығарылды. Құтқару жұмысына қатысушы 223 адам, 50 техника,101 мотопомпа Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігінен келген болатын. Жалпы, апат кезінде ауданда 866 тұрғын үй зардап шеккен еді. Оның 270-і Жеңіс ауылында, 52-сі Жаңатұрмыста, 21-і Достықта, 207-сі Өргебаста, 316-сы Фирдоусиде. Төтенше жағдай салдарынан 3 мектеп, 5 балалар бақшасы, 4 медицина нысандары мен 1 мәдениет үйі, 1 мақта түту цехы және 1 күріш диірмені, сондай-ақ,12 азық-түлік дүкенін су басқан болатын. Бүгінгі таңда 9 әлеуметтік нысан мен 895 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде, Мырзакент ауылында тасқын судан зардап шеккендер үшін
386 үйден тұратын жаңа ықшамаудан бой көтеруде. Ондағы 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй «Б.Өтемұратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз біргеміз» қорларының есебінен салынды. Типтік жобадағы әр үйдің аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Дәл осы жаңа ауданнан су алған 5 ауылдың 28 үйсіз отбасы үшін де баспана салынуда. 100-ден астам адам осы уақытқа дейін монша, балабақша, жатақханаларды пана қылып келген. Сондай-ақ, Фирдоуси елді мекенінде 314, Өргебас ауылында 195 үйдің құрылысы қарқынды түрде жалғасуда. Мырзакенттегі құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме тарапынан 386 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 386 үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. 200 үйдің шатыры жабылып, ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарын жұмылдырылған. Мұның бәрі өткен аптада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын тексеріп, арнайы өткізген штаб отырысында айтылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, топан судан зардап шеккен Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас елді мекендерінің тұрғындарына Үкімет тарапынан берілетін 100 мың теңгелік қаржылай көмекке 6347 азамат құжат тапсырған. Оның 5356-ның өтініші мақұлданып, есепшоттарына 535 600 000 теңге жіберілді. Түркістан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Рысбековтің айтуынша, қалған 911 адам құжатының толық болмауына байланысты тиісті көмекті алмаған. «Қазіргі таңда төтенше жағдайдан
зардап шеккендерге берілетін қаржылай көмекті үлестіру жұмыстары атқарылуда. Анықтау жұмыстары кезінде 146 азаматтың құжаты тиісті әкімдіктің тарапынан расталды. Ал, 62 азаматтың құжаты қайталанса, 4 адам басқа елдің азаматтары болып шыққан. Сондай-ақ, 779 азаматтың құжаты комиссияның қарауынан қайта өтетін болады», – деді Ғ.Рысбеков.
Бұдан бөлек, топан судың зардабын көрген 5205 отбасыға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры есебінен әрбір отбасына 1000 АҚШ долларынан берілген. Бүгінде дәл осындай көмек алуы тиіс қосымша 120 отбасы анықталып отыр. Нәтижесінде 5316 отбасының есепшотына 2 206 724 760 теңге жіберілді. Азық-түліктен бөлек, су тасқынынан зардап шеккен Жаңатұрмыс, Жеңіс, Достық ауылдарының тұрғындарына арналып, Мырзакент маңынан 386 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Жаңажол ауыл округіндегі Фирдоуси ауылында 314 үй бар болса, соның бүгінде 302-сі өтемақыны толық алыпты. Бүгінгі таңда ауылдағы 314 үйдің 303-і бұзылып, 268-інің іргетасы құйылған. 138 баспананың қабырғасы өріліп, 19 баспананың шатыры жабылып біткен. Қазір ауылдағы құрылыс жұмыстарында 1102 адам еңбек етуде. Ал, Өргебас ауылындағы 195 үйдің 194-інің иелері 17 млн теңгелік өтемақының 50 пайызына қол жеткізген. Қазіргі таңда 189 үй толық бұзылып, 188 үйдің іргетасы қаланып, 99 баспананың қабырғасы өрілуде. Сондай-ақ, 32 үйдің шатыры жабылып біткен. Мұндағы құрылыс жұмыстарында 694 адам еңбек етіп жатыр. Ауылшаруашылығы саласы мамандарының қатысуымен жасалған есепке сәйкес, жалпы шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды. Келтірілген шығын көлемі «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС тарапынан ұсынылған технологиялық карта негізінде 1 га егістің шығыны мен өткен жылы алынған өнімнің 1 келісіне нақтыланған статистикалық бағасы негізінде есептеліп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан Үкіметтің қарауына ұсынылған.
Мамыр айының 24-інде Өзбекстан Республикасынан көмек ретінде 42 ауыл шаруашылығы техникасы, тұқымдық шит әкелінген. Апат кезінде жойылған малдардың ішінде 22 азаматқа тиесілі 144 бас үй жануары анықталып, арнайы белгіленген өтемақы тағайындалуда.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...