12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дос КӨШІМ, саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:«БҰРЫНҒЫ БИЛІКТІҢ АДАМДАРЫ ЕШҚАШАН ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ»

– Елімізде 12 тамызда Сенат депутаттарын сайлау болады. Бұл сайлаудың халық үшін маңызы қандай? Азаматтар биылғы сайлаудан қандай өзгеріс күтуі керек?
– Ел басына күн туған ауыр жағдайларда барлық күш-қайратты сол бағытқа жұмсап, басқа мәселелерді – бейбіт кезеңде өз кезегімен жүріп жатқан мәселелерді тоқтата тұру керек сияқты. Неге екенін қайдам, біздің билік халықтың карантинде, үйлерінен
шыға алмай отырғанын пайдаланып, саяси реформаға тікелей қатысы бар заңдарды талқылап, қабылдап үлгерді. Сенат депутаттарының сайлауын да өз уақытында өткізбекші болып отыр. Біріншіден, Сенаттың сайлауы халықтың қызығушылығын тудырып отыр деп айта алмаймын. Жанама сайлаудың аты – жанама сайлау. Сондықтан не сайлаудан, не Сенаттан ешқандай өзгеріс күтпеймін. Алайда, індетке байланысты осындай саяси мәселелерді кейінге, бейбіт кезеңге қалдыру – мәдениеттілік пен халықты сыйлаудың көрінісі болып табылар еді деп ойлаймын.
– Ал, алда келе жатқан Парламент сайлауы туралы не айтар едіңіз? Саяси сахнаға жаңа, тың партия келуі мүмкін бе?
– Өкінішке орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «терең саяси реформа жасаймын» деген сөзі іске аспаған сияқты. Себебі, негізгі екі заң – Сайлау туралы және Саяси партия туралы заң талқыланып, терең сарапталып өзгеріске түскен жоқ және жүзеге асқан жоқ. Ал, сайлау жүйесі, саяси партияларға қойылатын талаптар мен саяси партияның заңы өзгермесе, ешнәрсе өзгермейді. Егер оған дейін жоғарыда аталған заңдар терең өзгеріске түссе, Парламент сайлауынан үмітім бар деп айтар едім. Алайда, қазіргі уақытта ешқандай үмітім жоқ. Сондай-ақ, қазір «партия құрамыз» деп жүрген топтар бұрынғы «саяси партия құрамыз» деген топтардың жүріп өткен жолдарын қайталауда. Ол ешқандай жетістікке алып келмейді.
– Парламенттік оппозиция қоғамға өзгеріс әкеле ме? Заңнамалық тұрғыдан «Парламенттік оппозиция» туралы ұғым енгізу қандай құқық береді?
– Бізде Парламент туралы және Парламенттегі депутаттарға арналған заң бар. Сол жерде кез келген заң жобасына депутат өзінің салыстырмалы жобасын ұсынуға болады. Оған сын айтуына, қарсы дауыс беруіне және үндеу жасауына мүмкіндігі бар. «Парламенттік оппозиция туралы» заңда да «Парламенттік тыңдауда сессиясына 1 реттен кем емес мемлекеттік және қоғамдық өзекті мәселелерді талқылауға ұсынуға, парламенттегі үкімет сағатында сессиясына 2 реттен кем емес күн тәртібін анықтауға, оппозиция келіспейтін үкімет заң жобаларына балама заң жобасын ұсынуға мүмкіндігі бар» деп қайталанып жазылған. Ол заңды пайдаланбайды екен, онда неге жазды?
Болашақта Парламентке шынымен де оппозициялық бағыт ұстанатын, бағыт-бағдары бар топ келсе ғана, «Парламенттік оппозиция туралы» заң керек. Ал, әлі оппозиция жоқ, бірақ, «парламентке оппозиция келді» деп алдын ала заң, ереже дайындап қоюды мен құптаймын. Сонымен қатар, осы заң қабылданғаннан кейін бұрынғы отырған Парламент ішінен «біз осы рөлді жүзеге асырамыз» десе, бұл барып тұрған ақымақтық пен екіжүзділік, өтірік. Өйткені, аталмыш заң болашаққа арналған. Егер, шындығында оппозициялық партиялар жеңіп, Парламенттен орын алса, оларға белгілі бір мүмкіндік беріледі. Мысалы, бір комитеттің басшылары, басқа комитеттің орынбасарлары оппозициялық партиядан болу керек деген. Бірақ, оның ішінде де қате бар. Неге? Мысалы, бізде, «алты тұрақты комитеттің біреуін оппозицияның өкілі басқару керек» депті. Ал, егер оппозиция 49 % болып, «Нұр Отан» 51% болса, неліктен алтыдан біреуін ғана беруі керек? Мұндай жағдайда алтының үшеуін беруі керек қой. Неге оны қазір тек біреу деп қойды? Осыны жазған адамдар келешекте оппозиция тек 10-15 % болады деп алдын ала болжап, пішіп қойған. Бұл үлкен ақымақтық және арнайы бір дайындалған жоба сияқты. Айта берсең, көптеген қателіктер бар. Мұны қалай
өткізгенін білмеймін. Алдағы уақытта «Ақ жол» партиясы мен «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» біз оппозиционер болып ойнаймыз десе, бұл күлкілі жағдай болмақ. Өйткені, қолданыстағы заңда да «Парламенттік оппозиция мынаны істеуге болады» деген тұсы бар.
– «Нұр Отан» алғаш рет тарихта праймериз жүргізейін деп жатыр. Бұған көзқарасыңыз қандай? Сайлаудан кейін «Нұр Отан» қаншалықты жаңарады?
– Праймериз дұрыс өтсе, әрине, жақсы. Егер бұл да бір спектакль болмаса… Кез келген партияда отырған басшылық Парламентке кімдердің өтетінін, баратынын анықтамау керек. Мұндай кезде жемқорлық, бір-біріне сенбеушілік, өзіне ұнаған адамдарды жоғарыға отырғызу деген болады. Сондықтан, жиналыста лайық дегендерге дауыс беріп, қолдаған дұрыс. Дегенмен мен айтқандай жүзеге асатынына күмәнім бар. Себебі праймериз арқылы депутаттыққа ұсынылған кандидаттардан басқа, тағы
да басшылық ұсынған кандидаттар бар екенін ұмытпалық. Праймериздің ережесін тағы бір қарап шығыңыздар. Кандидаттардың бір бөлігі партия мүшелерінің дауысы арқылы тізімге кірсе, енді бір бөлігін партия басшылығы тағайындайды. Бұл – праймерз емес, ойын, партия мүшелерін де, қоғамды да алдау дер едім. Меніңше, ешқандай өзгеріс болмайды. Бір декоративті түрде «Біз демократиялық партияның сипатын, форматын алып отырмыз» деген сияқты алдаудың көрінісі.
Бір айта кететін тұсы – бұлар бағдарламаның негізінде құрылған партиялар емес. Саяси партиялар бағдарламаларға құрылады. Жеке адамдарға, ұрандарға құрылмайды. Ал, бұлардың басшылығында бұрын коммунистік партияда отырған «Коммунистік партия, біз бірге өлеміз» деген адамдар. Коммунистік партияның қылмысы ашылғаннан кейін, «Біз партиядан кеттік, партияның
атын ауыстырамыз» деген ағалар «Нұр Отанда» отыр. Бұл саяси партияның классикалық үлгісіне жатпайды. Партия нақты бір бағдарламаға жұмыс істеуі керек. Қазіргі Ахметбек Нұрсила, Ержан Тұрғымбай секілді белсенділерге қарасам, өз-өзімнен ұяламын. Оларда бағдарлама бәсекелестігі жоқ, бірін-бірі (жеке тұлғаны) сынау ғана. Егер Қазақстанның болашақ партияларының түрі осындай болса, онда көппартиялық жүйе жақын арада орнай қоймайды. Тағы да қайталап айтамын, біріншіден, партия бағдарламаға құрылу керек. Екіншіден, мүмкіндік болса, партияны атақты, халыққа танымал адам басқармау қажет. Бірде Америкаға барған кезімде ең үлкен екі партияның бірі – Демократиялық партияның төрағасын іздедім. Кейін Нью-Йоркке келгенде ғана мені шақырушылар Нью-Йорк штатының Демократиялық партиясының төрағасымен кездестірді. Сосын мен
ол кісіге: «Неге сізді ешкім танымайды? Бізде партияның төрағасы – сол партияның жалауы. Бір жарым ай жүріп партияның төрағасын таба алмадым», – деп айттым. Сөйтсем, ол: «Мен партияның төрағасы, партияның қызметкерімін. Мен сайлау алдындағы жұмыстарды ұйымдастырушымын. Мені неге ел тану керек? Біз жиналыста кім губернатор, кім президенттікке сайлауға түсетінін шешеміз. Бірақ, ол партияның кез келген мүшесі болуы мүмкін», – деді.
Ал бізде ше? Шындығында, бізде партияларды төрағаларының атымен таниды. Мысалы, Әкежан Қажыгелдиннің партиясы, Азат Перуашевтың партиясы деп атайды. Яғни, жеке адам сол партияның туы сияқты. Адамдар сол арқылы партияны мақтайды яки жамандайды. Бұл дұрыс емес. Меніңше, жаңа партияны мақсат-бірлігі арқылы ұйымдасқан бес-алты адам жиналып құрғаны дұрыс болар еді. Оларды ешкім танымасын. Олар «Біз партия құрғымыз келеді. Мынау – біздің бағдарламамыз, мақсатымыз» деп
көрсетсін. Ол бағдарламаны оқыған адамдар «Мынау жақсы бағдарлама екен. Олар келсе, қоғамда мынадай өзгерістер болады екен» деп ой қорытып, қолдасын. Бірақ, жаңағы ұйымдастырған бес адамның танымал болуы қажет емес. Олардың мақсаты – партияны республикалық деңгейде танымал ету. Басты мақсаттары – бағдарламаларын жүзеге асыру. Әрине, болашақта бұл партияға атақты адамдар келіп кіруі мүмкін. Бірақ, басшы емес, қатардағы партия мүшесі боп кіреді. Классикалық партияның бейнесі осылай басталу керек деп ойлаймын.
Сайлау әділ өтетініне сенесіз бе? Билік сайлауды әділ өткізуге мүдделі ме?

— Жоқ. Өкінішке орай, сайлау жүйесі өз қалпында қалды. Ешнәрсе өзгерген жоқ. Сондықтан, мен ешнәрсе күтпеймін. Ал, «Билік сайлауды әділ өткізуге мүдделі ме?» деген сұраққа келер болсақ, жалғыз адам ештеңе істей алмайды. Ол үшін жүйе адамдармен бірге өзгеруі керек. Қ.Тоқаевтың «Үкімет еститін мемлекетке айналуы тиіс» дегеніне кез келген адам «Кешіріңіз, сіз 30 жылдай сол алғашқы жүйенің басшылығында жүрдіңіз, сол кезде неге өзгертпедіңіз?» деп айтады. Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин мырза
«Нұр Отанның» бес жылдай хатшысы болды, «Асарға» қызмет етті, тағы да басқа қызметтер атқарды. Осындай жұмыс істеген адам «Біз жаңа сайлау жүйесін жасаймыз, терең саяси реформа жасаймыз» десе, оған кім сенеді? Сайлау жүйесі өзгеріп, әділ,
демократиялық сайлау өтетін болса, жаңа саяси құрылым, жаңа саяси күш келеді. Алайда, мен өзгеріс көріп отырған жоқпын. Бұрынғы биліктің адамдары ешқашан жаңа жүйе жасай алмайды. Бұл – аксиома, талассыз шындық.
Ал, қазіргі биліктің, Президенттің шын мәнінде жүйені өзгертеміз деген ниеті болса, сол жүйені өзгертетін алғышарттарды жасап, өткізіп, олар билікке келгенде, өздері қызметтерінен кетулері керек. Сонда ғана оларға халық рақмет айтады деп ойлаймын.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғанына бір жыл толды. Елімізде не өзгерді?
– Ең бірінші, халықтың айтып жүрген мәселелері Президенттің аузынан шыға бастады. Оған мен қуанамын. Кейбір мәселелерді жүзеге асырды. Карантиннің кезінде жақсы қадамдар жасады. Әрине, қателіктер де болды. Бірақ, бастысы – халықтың үміті оянды. Саяси-қоғамдық жұмыста жүрген адам ретінде менің Тоқаевтан күткенім екі мәселе болатын: біріншісі – саяси реформа. Өкінішке орай, Тоқаев айтқан «терең саяси реформа» жүргізілген жоқ. Сайлау жүйесі өзгерген жоқ. Саяси партия туралы заңда да біз күткен өзгерістер болған жоқ. Екіншісі – қазақ тілінің мәселесі. Қазақ тіліне байланысты бір-екі «жақсы сөз» айтылды. Бірақ мемлекеттік тіл туралы жаңадан заң қабылдау, қазақ тіліне қажеттілікті туындататын жағдай қалыптастыру секілді қадамдар жасалмады.
– Тілге қатысты айтып қалдыңыз… Неден қателік жібердік?
– Ешкім қателік жіберген жоқ. Билік басындағы шенеуніктерге қазақ тілінің қажеті жоқ, сондықтан олар өздері сөйлемейтін, өздері сыйламайтын тілдің мәртебесін көтеруге құлықсыз. Біз осы 29 жылда мемлекеттік тілге деген қажеттілік жасаған жоқпыз. Бұл жұмысты не қазақтілді қоғам қолына алған жоқ («Онда тұрған не бар?» дегеннен аса алмайтын бойкүйездік пен жасқаншақтық), не билік заң арқылы қажеттілік тудырған жоқ. Қажеті жоқ тілді ешкім үйренбейді, ешкім қатынас тіліне айналдырмайды. Ал, осы уақытқа дейін «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдамағанымыз, қазақ тілінен тест алып, сол тесттің нәтижесінде қызметке тұруды жүзеге асырмағанымызды қателік деп айта алмаймын. Біздер мұның бәрін көрсетіп, дәлелдеп бергенбіз, бірақ, авторитарлық, орыстілді билік барынша қарсылық жасап бақты және олар жеңіп шықты.
– Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет!
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

 

ОСОБЕННОСТИ НАЗНАЧЕНИЯ НАКАЗАНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

ЮВЕНАЛЬНОЕ ПРАВОСУДИЕ ЯВЛЯЕТСЯ САМОЙ, ПОЖАЛУЙ, ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ СФЕРОЙ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ,...

КТО ЗАЩИЩАЕТ МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС В КАЗАХСТАНЕ?

Сфера государственных закупок в Казахстане давно стала ассоциироваться с...