12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтар құқықтары карантин кезінде де қорғалуда

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сот жүйесін одан әрі жаңғырту мәселелеріне баса назар аударып, заманауи форматтар мен озық электронды сервистерді одан әрі енгізуді тапсырды. Себебі, азаматтар құқықтарын жаңа технологиялар арқылы қорғау басы артық жұмыстардан арылтып, адам факторы мен ретсіз шағымдарды азайтады. Бұл тұрғыда жүйелі шаралар жүзеге асуда. ҚР Жоғарғы Соты «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын енгізді. Осы жоба шеңберіндегі «Смарт сот» азаматтардың сот процестеріне ғаламтор желісі арқылы онлайн түрде қатысуын қамтамасыз етті. Азаматтар «TrueConf» мобильдік бейне-конференцбайланысты қолдануда. Ол үшін аталған қосымша смартфонға жүктелуі тиіс.

Сот отырысының хатшысы логин және құпия сөз бергеннен кейін, сотқа қатысушы бағдарламаға кіріп, ұялы бейне-конференцбайланыс жазбасын растайтын сұранысын қабылдайды. Осылайша денсаулығына немесе өзге де тұрмыс-тіршілігіне байланысты келе алмаған, өзге қала, шетелде жүрген тараптар немесе олардың заңды өкілдері сот процесіне қашықтықтан қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Түрлі жағдайлар бойынша сот ісіне келе алмайтындар үшін электрондық жүйе аса маңызды. Олай дейтініміз, шағымданушы мен жауап беруші сот залына келмей-ақ іс жүргізіледі. Кез-келген азамат еш шығынсыз, уақытын үнемдей отырып, онлайн сот отырыстарына қатысады. Цифрландыру тұтастай алғанда соттардың ашықтығын, жариялылығын, мөлдірлігін көрсетуді мақсат тұтады. Процестерді қашықтықтан өткізу, әсіресе, әлемге қауіп төндірген пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай, карантин кезінде тиімділігін көрсетті. СОVID-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында соттар процестерді қашықтықтан онлайн режимде өткізуде.

Ресми деректер, төтенше жағдай уақытының алғашқы аптасында-ақ сот отырыстарының елу пайызы қашықтықтан қаралғанын көрсетіп отыр. Процестерді қашықтықтан өткізуге ел соттарында барлық жағдай жасалған. Мысалы, карантин жарияланған, яғни, сақтық шараларына көшкен күннен бері Алмалы аудандық №2 сотында макс мобильді бейнеконференц байланыс арқылы – 555, WhatsApp, Skyre, Zoom байланыстары арқылы – 1854 азаматтық іс қаралды. Сот кабинеті арқылы 2119 талап арыз түсті. Бұл күнде жұртшылық та онлайн процеске үйренді, ең бастысы, денсаулығына қауіп төндірмейді, уақыттан ұтады.

Онлайн процеске қатысушылар интернеті қосылған гаджеттерді қолданады. Карантин жағдайында да ел тұрғындары өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін сот арқылы қорғауда. ҚР Жоғарғы Соты тарапынан сотқа жүгінушілердің денсаулығына нұқсан келтірмеу шаралары тиімді ұйымдастырылуда. Онлайн процесс те әдеттегі сот отырыстарымен бірдей. Процеске қатысушылар пікірі де бірдей тыңдалады. Сот процессін қашықтан өткізу бұрыннан келе жатқан үрдіс. Мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының «Сот төрелігінің жеті түйінінің» бірі «Е-сот» жобасы халық пен сот қызметкерлерінің ІТ-қызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызу мақсатын көздейді. Осы тұрғыда бұған дейін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер жасалған болатын.

Сот процестері қазіргі күні де онлайн түрде өтуде. Себебі, осы жылғы 10 мамырда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің COVID-19 ауруының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы №36 қаулысында инфекцияның жаппай таралу қаупінің әлі де сақталып отырғаны, шектеу шараларының жалғасатындығы көрсетілген. Індетті сот ғимараттарында жұқтыру қаупін болдырмау және келушілерге, судьялар мен қызметкерлерге қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жергілікті соттар қаулыны мүлтіксіз орындауда. Тараптарға сот актілері электронды түрде судьяның сандық қолтаңбасымен жолданылады.

Жоғарыда айтқанымыздай, республика соттарында өтіп жатқан процестерге алыс-жақын шетелдерде жүргендер де қатыса алады. Бүгінде Қазақстандағы барлық сот жүз пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Қазіргі күні жұртшылық сақтық шараларын ұмытпай, жасалып отырған мүмкіндіке сай, сот төрелігіне жүгінуде. Сот саласындағы игі істер азаматтардың әділ сот шешімдеріне әлемдік стандарттарға сай қол жеткізуінің бірден-бірі кепілі деуге толық негіз бар.

Аслан Боранов

Алмалы аудандық №2 соты

кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы

Алматы қаласы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...