12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өзгерістер істердің уақтылы шешілуіне жол ашты

Республикамыздың Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер ел халқының сот саласына деген сенімін одан әрі нығайту мақсатын көздейді. Мысалы, жаңартулар үш бағытты қамтыды, солардың бастысы, соттар жұмысын заманауи форматқа келтіру болса, екіншісі, азаматтық процестегі тиімділікті арттыру, ал, үшіншісі саланы цифрландыру. Атап айтқанда, азаматтар мен мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру, т.б. азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері нақтыланды.

Бұл өзгерістер заңды тікелей қолданушы судьяларға не береді десек, ең алдымен азаматтық процесстегі құзыреті кеңейіп, осы тұрғыдағы тәуелсіздігі одан әрі нығайды. Яғни, істің мән-жайлары, тараптар ұсынған дәлелдемелер бойынша құқықтық ұстанымды білдіруге заңмен мүмкіндік берілді. Бұл қадам өз кезегінде терең сараланған әділ шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, соттар атына айтылар түрлі сынның азаюына және сотқа жүгінуші азаматтардың құқықтық сауатының көтерілуіне де ықпал етеді. Жалпы айтқанда, сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары ескертіледі. Судья олардың құқықтық позициялары мен дәлелдемелерін нақтылап, істің мән-жайын талқылайды, заңды тұрғыда тараптар құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, әділ шешім қабылдау үшін дау жан-жақты, егжей-тегжейлі анықталуы қажет. Судьяның процестік жағынан еркіндігі дамыған елдердің соттарында қалыптасқан тәжірибе.

Тағы бір айтарлығы, бұрын істі бір соттың іс жүргізуінен алып, басқа сотқа беру үшін сол ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал, шағым берілген жағдайда – шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізілетін. Мұндай жағдайда істі қарау мерзімі созбалаңға салынатын. Бұл олқылық та заңмен түзетіліп, Кодекстің 34-бабының 5-ші бөлігі «Екі тарап та сот айқындаған соттылықпен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір соттан екіншісіне беру ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі» — деп толықтырылды. Бұл өзгеріс өз кезегінде істердің уақтылы, жылдам шешілуіне жол ашты.

Бұған қоса заң сот приставының лауазымдық міндеттері мен аудармашының құқықтары мен міндеттерін нақтылайтын баптармен толықты. Және сот талқылауының дыбыс-бейне жазбасына электронды хаттама мәртебесі берілді. Соттардың аралық сот ұйғарымдары алынып тасталуы да қағазбастылықты төмендетіп, мамандар жұмысын жеңілдетті.

Заңнамада татуластыру үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған, Осыған орай, судьялар талап арызды қабылдау барысында он жұмыс күн ішінде тараптарды татуластыруға ықпал жасайды, егер тараптар татуласпаса және олардан осы судья істі әрі қарай қарауды сұраған өтінішхаты болмаса, іс басқа судьяның қарауына беріледі. Бұл өзгертулер де өте маңызды. Жалпы алғанда АПК-ге енгізілген соңғы өзгерістер қатарында сот процесін оңтайландыру, тараптардың процестік шығындарын қысқарту, азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту, т.б. процесті ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдері қамтылған. Осылайша, жеделдік пен ашықтықты жан-жақты қамтамасыз ету нәтижесінде халықтың сот төрелігіне деген сенімі мен құрметін бүгінгіден ары арттырарымыз хақ. Кодекс талаптарының еліміздегі сот жүйесінің деңгейін көтеріп, күтілген межеге жеткізеріне сенім зор.

Нури Омарбеков,

Алматы облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...