​​Колледжге оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн тапсыруға болады

Мамандық пен оқу орнын таңдау – бұл әрбір түлек үшін өте маңызды әрі жауапкершілігі мол шешім. Ал, нақты таңдау жасалған болса, колледжге құжаттарды eGov порталы арқылы тапсыруды ұсынамыз.

Бұл үшін:

Порталдағы «Білім беру» бөлімінде авторизациядан өткен соң, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» қызметін таңдаңыз. Содан кейін «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басып, өтінімді толтыру барысында білімі туралы құжаттың және қосымшасының сапалы көшірмелерін, флюрография нәтижесінің көшірмесін, психология-медициналық-педагогикалық комиссияның тұжырымдамасын, медициналық анықтамаларды және 3*4 фотоны жүктеу қажет.
Егер жатақхана қажет болса немесе мүгедектігіңіз болған жағдайда, осыны да белгілеп қоюыңызды ұмытпаңыз. Ең соңында өтінімді ЭЦҚ-мен немесе SMS-парольмен растаңыз.

15 минут ішінде жеке кабинетіңізге құжаттардың қабылданғандығы туралы түбіртек келіп түседі.

Маңызды! Өтінімді түлектің өзі, ата-анасы немесе заңды өкілі жібере алады.

Қызметке сілтеме — https://egov.kz/cms/kk/services/professional_education/pr_5

Озат студенттер қатарынан көрінулеріңізді тілейміз!

@egovhelpkz

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...