12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәртіп қатаң сақталуда

Коронавирус індетінің әлі де саябыр таппай тұрғындарды алаңдатып отырған осы бір күрделі кезеңде жазасын өтеп бостандыққа шыққан сотталушылардың мәселелерін оңды түрде өз кезінде шешіп отыруда еліміздегі пробациялық қызметтің атқарар рөлінің өте зор екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Жазасын өтеп шыққан сотталушы еркіндікке шыққан соң қоғам өзгерістеріне бірден бойы үйреніп,өмір ағымына араласып кете барады деп айту әрине қиын.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы пробация бөлімі қызметкерлері де бұл жауапты кезеңде өздеріне жүктелген міндеттерін еш кідіріссіз атқаруда.

Есепте тұрған адаммен жеке-жеке жұмыстар жүргізіліп, сотталғандардың нақты мекен-жайлары тексеріліп анықталып,олардың карантиндік жағдайға байланысты туындаған мәселелерін өз уақытында оңды түрде шешіп отыру ісі жақсы жолға қойлғанын сеніммен айтуға болады. Мүмкіндігінше әр сотталушымен жеке әңгіме өткізіліп, қалыптасқан жағдайға байланысты сақтану шаралары талап ететін әрекеттерді бұлжытпай орындау керектігі және оларға көрсетілетін әлеуметтік көмектерге ие болатын құқықтары жөнінде де түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, жазасын өтеп келгендер тарапынан пробация қызметі талап ететін заңдылықтарды бұзғандарға да қатаң шаралар қолданылуда.

Әлемдді алаңдатқан осынау сын сағаттарда жазасын өтеп шыққандардың тағдырына байланысты туындаған түйткілді проблемаларды оңды түрде шешуде пробациялық қызметтердің қаншалықты қажет екенін оның атқарған жұмыстары дәлелдеп берді.

ҚР «Пробация туралы» Заңында белгіленген талаптарды тікелей басшылыққа ала отырып,аудандық прокуратура және аудандық әкімшілік қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап, қала тұрғындарының игілігі жолында қыруар жұмыстар атқарып келеміз.

М.СӘРСЕНБАЕВ,

Алматы қаласы, Әуезов аудандық пробация бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...