12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еңбек құқығы жоғары деңгейде қорғалуда

Мемлекетіміздегі стратегиялық мақсаттардың бастысы заң үстемдігі мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демократиялық, құқықтық қатынастарды одан әрі нығайтып, ортақ ұлттық мүдделерді қорғау және азаматтық қоғам құру десек, бүгінде сот, құқық саласындағы реформалардың бәрі осы бағытта жүзеге асуда. Мысалы, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыруда еліміздің Еңбек кодексі жаңарып, онда жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары жетілдірілді.

Алдымен еңбек дауы дегенге келсек, еңбек дауы бұл – Қазақстанның еңбек заңнамасының талаптарын орындау немесе келісімдердің, еңбек және ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің қолдану мәселелері бойынша қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер. Еңбек дауы жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлға атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал, реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

Осы тұста айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек даулары және жариялы-құқықтық қарым-қатынас дауларының алдын алу» жобасы жүзеге асуда. Жоба өз кезегінде еңбек дауларын соттан тыс немесе сотқа дейін реттеу мүмкіндігін арттырды. Еңбек кодексінің нормасына сай, комиссия дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарап, тараптарға шешімнің көшірмесін үш күнде береді. Ал, сотпен талапкердің еңбек құқығы бұзылғаны, бірақ, орынсыз себептермен жүгіну мерзімі өтіп кеткені анықталса, сот шешімінің дәлелдеу бөлігінде құқықтың бұзылғаны көрсетіледі, сотқа жүгіну мерзімін жіберіп алуына байланысты талап арызды қабылдамайды. Ескерерлігі, үй жұмыскерлері, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен атқарушы орган басшылары, әскери, арнайы мемлекеттік, т.б. қызметтер қызметкерлерінің комиссияға жүгінуі міндет емес.

Жеке еңбек дауларын қарауда еңбек құқықтық қатынастарға қатысушылар жұмысқа қайта алу туралы дауларда жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап үш ай, басқа еңбек даулары бойынша жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде келісу комиссиясынсыз бірден сотқа жүгіне алады. Еңбек кодексінің 161-бабының талабы бойынша жеке еңбек дауын қарауда келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі жедел орындаулы тиіс. Егер жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімді орындауды кешіктірсе, келісу комиссиясы не сот оған шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін жалақысын немесе жалақысындағы айырманы төлеу туралы шешім шығарады. Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыты үшін алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.

Елімізде әрбір азаматтың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына және еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуына, сонымен қатар, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуына Ата Заңмен құқық берілген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды. Жүзеге асып жатқан игі істер мен соны реформалардың барлығы мемлекетіміздің ең басты байлығы азаматтар құқығының сақталуына бағытталған.

Қарлығаш Сарсенова, Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...