12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ITeachMe». Инклюзивтілік пен IT

Көзіміз бен өзіміз үйренген қарапайым білім беру әдісі бүгінгі күні жалпыға қолжетімді болу деген шартқа келмей жүргені бәрімізге де жасырын емес. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығының заманауи мамандықтарды меңгеруін қамтамасыз ету үшін «ITeachMe» құзыретті дамыту орталығы» Қоғамдық қорының бірқатар жобалары бар. Орталық қызметкерлері заманауи IT-мамандықтарды мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамның әлсіз топтарына қолжетімді етіп, олар үшін жаңа мүмкіндіктер мен келешекке сенімділік сыйлайды.
Бұл жолы біз «ITeachMe» ҚҚ директоры Бегалиева Захирамен тілдесіп, жобаның мақсаттары мен мүмкіндіктерін, инклюзивті лагерьдің жұмысы жайлы білдік.

Орталығыңыздың құрылғанына қанша уақыт болды?
«ITeachMe» құзыретті дамыту орталығы» Қоғамдық қоры ресми түрде 2020 жылдың 13 наурызында тіркелді. Бұл жеке жобаның қоғамдық қорға айналуын айшықтаған жұмыс болып шықты. Сонымен қатар, азаматтық қоғам бастамаларының нық дамуы мен үш сектор: БЕҰ, мемлекеттік орган мен бизнес-салалары жұмысының жарқын нәтижесі. Әлеуметтік жобамыз жас, әрі жылдам дамып жатқан ұйымға айналды.
Оқушыларды қалай іріктейсіз? Әлде кез-келген ниеттінің оқуға мүмкіндігі бар ма?
Қазіргі уақытта Қорымыз «ITeachMe» үшінші инклюзивті жастар лагерінің басталғанын жария етті, біздің мақсатты тобымыз – алдымен, әрине, мүгедектігі бар жастар, одан бөлек, Қазақстанның әр түкпірінен халықтың әлсіз топтарынан (аз қамтылған отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар, көпбалалы отбасылар) жастарды қабылдаймыз. Алғашқы іріктеу кезеңінің өтінімдері 2020 жылдың 10 маусымына дейін Google Forms арқылы қабылданады. Толтырылуы тиіс сауалнамасы бар сілтеме landing парақшамызда жарияланған, оны біз үшін лагеріміздің екінші маусымының түлегі Рамазан Кабдыкаримов жасаған еді. Алғашқы іріктеу кезеңінде біз жастардың білімін, IT-саладағы әлеуетін, білім деңгейін көреміз. Келесі кезең екінші іріктеу кезеңі, әлеуетті қатысушыларымыз өзі жайлы сауалнаманы толтырып, мотивациялық эссе жазады. Осылайша, не себепті лагерь қатысушысы бола алатынын, бұл білімінің оған не үшін қажетті екенін түсіндіреді. Онлайн-өтінімдерді қабылдап жатқан уақытта Қор командасы офлайн түрдегі іріктеу кезеңін ұйымдастыру үшін еліміздің төрт қаласына сапар шегеді. Бұл қатысушылармен тікелей байланыс орнату үшін қажет. Лагерь инклюзивті, мүгедектігі барларға да, жоқтарға да қызмет көрсетуге бағытталған. Лагерьдегі білім беру тек hardskills меңгеруге ғана бағытталмаған, сонымен қатар softskills оқытып, мақсаттарды қою мен оларға жету жолдарын үйретеміз.

Орталықта қандай мамандықтар бар? Жаңа оқу бағдарламасын енгізу жоспарда бар ма?
Лагерьдің екінші маусымында оқыту үш курс бойынша жүргізілді: Motion design, UI design, Copywriting. Әрине, Қор даму үстінде, бүгінгі күні үшінші маусымның оқу курстарының жаттықтырушылары мамандықтар тізімін кеңейтуді ойластыруда. Лагерьге дайындық барысында Қорымыз орасан жұмыс атқарып жатыр: қордың серіктестерімен бірге “Сандық технологияларды инклюзивті білім беруде қолдану. Үздік әлемдік тәжірибелер” мен “Мүгедектігі бар жандардың сандық білім берудегі қажеттіліктерін талдау мен оларды жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің не күтетінін анықтау” зерттеулерін жүрзізудеміз. Екінші зерттеуіміз мүгедектігі бар жастардың қажеттіліктерін анықтауға бағытталған. Біз оларға жақын, қандай мамандықты игеріп, меңгергісі келетінін білгіміз келеді. Себебі біз нәтижесінде сұранысқа ие өнім шығару үшін әрқайсының, әр санаттың қажеттіліктері мен қалауларын ескеруіміз қажет.

Түлектерді жұмысқа орналастыру қалай іске асырылады?
Бқл өте қызықты процесс, алғашқы маусымның өзінде лагеріміз БАҚ кеі танымалдылыққа ие болды, содан болар IT компаниялар да, оған қатысы жоқ компаниялар да бізге хабарласа бастады. Басында жобаны іске асыру мен ары қарай дамуына үлес қосуға ниетті болса, кейін бізден шыққан мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатын алға тартқандар пайда болды. Кейбіреуінің бізден шабыт алғаны соншалықты, жеке іс бастап, аутсорсинг негізінде IT қызметтер ұсына бастады. Біз бұнымен шектелмей, түлектерімізді жұмысқа орналастыру мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауды шештік. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, біз жұмыс берушілер арасында талдау жүргіземіз, алынған мәліметтерді негізге ала отырып, бүгінде жұмысы жоқ мүгедек жандар не себепті көп екенін, жұмыс берушінің оларды неге алғысы келмейтінін, Қор ретінде бұндай жандардың қатарға қосылуы үшін не істей алатынымызды және жұмыс берушіге қандай мемлекеттік қолдау қажет екенін сараптап, анықтаймыз.

Орталық қаржыландыруды қалай ынталандырады?
Жобаларды жазып, гранттарға ие боламыз, бірақ алдағы уақытта ақылы қызмет көрсету жоспарланған. Ал «ITeachMe» әлеуметтік жобасы жайлы айтар болсақ, Қор әлі жоспарда да болмаған уақытта біз оны қолдауға қаржы іздестірген едік. Грант берушілерге жүгіндік, алғашқы маусымда «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» КҚ мен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ қаржылық қолдау көрсетті. Сәлден соң «Шеврон» команиясы да өз көмегін берді. Қазір біздің Бас серіктесіміз, әрі демеушіміз «Шеврон» компаниясы. Әр компанияның әлеуметтік жауапкершілігі болғандықтан, кәсіпкерлік салалармен байланыс орнату жолдарын да қарастырудамыз. Бірлесіп бір реттік емес, тұрақты түрде үлкен қолдау көрсету жобаларын ұйымдастыра аламыз. Сол себепті серіктес пен ойлас жандарды тапсақ қуанышты болар ек. Мемлекет те біздің бастамаларымызға қолдау көрсетеді. Қаржылық түрде болмаса да, маңызды. Жобаның амбассадоры – ҚР еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Мұқышев Нариман Нұрланұлы.
Сонымен бірге, Қор командасы әрдайым жаңа мүмкіндіктерді, мүгедек жастарды қолдау мен жұмыспен қамту жоспарымызды бөлісе алатын ұйымдарды іздеу үстінде.

ITeachMe негізгі мақсаты қандай? Түлектеріңізді жұмыспен қамтамасыз еткен соң да байланысты үзбейсіздер ме?
Қорымыздың мақсаттары мен тапсырмалары жайлы ұзақ айтуға болады. Бірақ мен қарапайым сөзбен жеткізгім келеді: біз мүгедектігі бар жандардың өмірін қызықты, мағыналы етуді, әр адамның өзін қоғамға қажетті сезінуін, жақсы, әрі сапалы білімге ие болуын, жаны қалаған мамандық иесі болуын және қаржылай тәуелсіз болғанын қалаймыз. Біз мүгедектігі бар жастарды IT салаға шақырып, шексіз мүмкіндіктерді көрсету арқылы, IT-қауымдастықтың хас шеберлерін дайындағымыз келеді. Біз лагерьдің барлық қатысушыларымен байланыста болғанымыздан бөлек, Қордың даму жолын бірге ойластырамыз. Қатысушы мен екінші маусым жеңімпаздарының бірі қазіргі уақытта Қорымыздың сайтын әзірлеуде.

Құрылғалы бері жобаның қанша қатысушысы білім алды?
Лагерьдің екі маусымын еңсердік. Бұл уақыт ішінде 47 оқушыны шығардық. Бұл бір қарағанда аз болса да, біз үшін үлкен жетістік. Барлығы да әр түрлі психологиялық және физикалық ерекшеліктерге ие қыз-жігіттер, әрқайсының да жүрегіне жол табуға, дарынын ашуға тырысамыз. Өзіміз үшін қойған мақсатымыз: мүгедек жандардың бәріне бірден болмаса да, жекелей өміріне сән кіргізу. Бірақ, үлкен мақсатымызды да айтып өтейін, орталығымызда алдағы 10 жыл ішінде 90% мүгедек адамның білім алуына жағдай жасағымыз келеді. Командамыздағы әр қызметкеріміз бұдан ниетті, сол себепті міндетті түрде, әрі уақытылы мақсатымызға жетеміз деп айта аламын!

Закон есть, а контроля нет

Депутат фракции «AMANAT» Нартай Сарсенгалиев направил на имя Премьер-Министра...

Принятие эпохального закона 

Фото из книги Салыка Зиманова «Конституция и Парламент РК», издательство «Жеті жарғы», 1996 год

Цена экономической независимости

Предлагаем вниманию читателей продолжение интервью с доктором экономических наук,...

 Уважаемые читатели и коллеги! 

От имени Союза судей Республики Казахстан поздравляю вас с...

Опасные игры

Медики говорят, что болезнь легче предупредить, нежели лечить. Так...