12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының маңызы зор

Жоғарғы Соттың «Отбасылық сот» пилоттық жобасын қолға алуы құптарлық қадам. Мұндай жоба отбасы институтын жандандыру, жанұялық жарасымдылықты сақтау мақсатында тәжірибеге енгізілгені белгілі. Бастаманың қолданысқа түсуіне елдегі ажырасу деректерінің көбеюі, тастанды балалар санының өсуі, алиментке байланысты мәселелердің ушығуы түрткі болғаны талассыз.

Қазақстанда ресми тіркелген әрбір үшінші неке бұзылады. Соның кесірінен еліміз ажырасу бойынша алдыңғы мемлекеттердің бірі саналып отыр. Ал ажырасу ерлі-зайыптылардың екіге кетуімен шешіле салатын мәселе емес. Бір некенің бұзылуынан қаншама түйткіл туындайды? Ажырасқан азаматқа екінші рет отау құру қиын болмайтын шығар, әйелдің де жалғыз қалмайтыны белгілі. Некенің бұзылуынан ең көп зардап шегетін бала. Әкесі мен шешесінің екіге кетуінен балалар көп психологиялық соққы алады. Оның үстіне, толық емес отбасында тәрбиеленген балалардың дамуында да ауытқушылықтар бар. Жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстардың басым бөлігі толық емес отбасынан шыққан балалардың қолымен жасалатынын да статистика айғақтап отыр. Міне, сондықтан да «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру дәл қазіргі уақытта өте маңызды.

Бұған дейін жасөспірімдер қолымен жасалған құқықбұзушылықтар мамандандырылған ауданаралық ювеналдық соттарда қаралып келді. Ал ажырасу, баланың тқрғылықты жерін анықтау, әкелікті тану, алиментті белгіеу бойынша арыздар азаматтық соттардың таразылауымен шешімін тапты. Егер «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асар болса, отбасы, жасөспірімдер құқығына, ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерге байланысты дау-дамайлар бір соттың құзырына беріліп, бір ортада шешіледі.

Пилоттық жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне шаралар көру. Бүгінде өркениетті елдердің біразында отбасылық соттар қызмет етеді және ол отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтайды.

Отбасылық сот пилоттық жобасы қазір кейбір соттарда үлгі ретінде жұмыс істеуде. Алдағы уақытта мұндай соттарға отбасылық психологтарды, мықты медиаторларды, әлеуметтанушы-педагогтарды тарта отырып жұмыс істеу арқылы отбасындағы келіспеушілікті азайтып, некені сақтауға, сол арқылы балалардың ата-анасының жанында тәрбиеленуіне жол ашылар еді.

Бақыткелді Тұрлыбеков,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...