12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақпараттық технологиялар сот жүйесі жұмысын жеңілдетті

Еліміздің сот саласының заманауи озық технологияларға тез бейімделуінің игілігін төтенше жағдай кезінде анық сезіндік. Күніне жүздеген сот отырыстары онлайн түрде өткізілді. Осылайша сот істері де шешімін тауып, вирус жұқтырудың да алдын алып еліміздің сот жүйесінің заман сұранысына сай бейімделе алуының жетістігін сезіндік. Жалпы ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдердің барлығы қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Біздің еліміз де дамудың жаңа көшіне ілесіп, заманауи технологияларға мән беріп жатқанымен, қоғамда ең алдымен сот саласына көшкен салалардың бірі сот саласы болды. Қазіргі таңда елімізде сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді. Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді.

Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру және сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыру үшін сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйелері қолданылуда.

Электронды сот төрелігі соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану — процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар, сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазіргі таңда біздің сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалға келтіретін болсақ, азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Өз кезегінде ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті. ІТ-технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, ақпараттық технологияларды қолдану сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізді. Бүгінде сотқа ақпараттық технологиялар арқылы талап-арыздар мен шағымдарды беру, құжаттардың көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі кеңінен қолданысқа ие. Сот жүйесін ақпараттандыру бағытындағы жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдерді, атқарушылық парақтарды, үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Бүгінде сот саласында процеске қатысушыларды SMS-хабарлама және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағаздары» сервистері белсенді қызмет етеді.

Өндірістегі істер «TrueConf», «WhatsApp» мобильді қосымшаларының көмегімен қаралуда. «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану тәсілі өте қарапайым. Ол үшін «Playmarket» бағдарламасы арқылы аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмірі, логин мен пароль болса жеткілікті. Ал, «WhatsApp» мобильді қосымша халық арасында кеңінен қолданысқа ие болып табылатындықтан, сот отырыстарын қашықтан кедергісіз өткізуге септігін тигізуде. Қорыта айтқанда, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу қазіргі уақытта өзінің тиімділігін көрсетуде. Азаматтардың уақыты үнемделіп, сот қызметіне қолжетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Абдрешева Мақпал, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...