Бітімге келудің берері көп

Төтенше жағдайдың енгізілуі еліміздің сот жүйесіне айтарлықтай өзгеріс алып келді. Әсіресе еліміздің сот саласының уақыт пен заман сұранысыгна тез бейімделіп, халыққа талапқа сай қызмет көрсетуге тырысатынын ерекше атап өтуге болады. Карантинге орай еліміздің соттарындағы істердің барлығы онлайн режимінде қаралды. Халықты қауіпті вирустан қорғау мақсатында, Жоғарғы сот тарапынан «СОТТАСАТЫН КЕЗ ЕМЕС, ТАТУЛАСАТЫН УАҚЫТ!» деген бастамамен, тараптарды бітімге шақыру, медиативтік келісімдерді көбейту мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылды. 

Қоғамда дау-дамайды тек сот арқылы ғана шешу керек деген көзқарас қалыптасып қалған. Сондықтан карантин кезінде ғана емес, жалпы қоғамдағы медиациялық істердің санын арттыру міндеті тұр. Соттасу біріншіден, біраз уақыт алады. Іске нүкте қойылғанша бір емес, бірнеше сот отырысы өтуі мүмкін. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы сотқа жетіп жатады. Екіншіден, сот – үлкен шығын. Мемлекеттік баж салығын төлеу керек, сот шығыны да бар. Тараптардың жол қаражаты, заңгерлерді жалдайдың барлығы аз шығын емес. Дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінсек, оларда дауды шешу уақыты бізден де ұзақ, сот шығыны бізден де қымбат. Сондықтан оларда даудың саны көп емес. Олар сотқа жүгінер алдында ұзақ ойланады. Есесіне істі медиациямен шешуге көбірек машықтанған. Дамыған елдерде даудың 80-90 пайызы бітіммен аяқталады. Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде дау көбінесе медиация тәртібімен шешіледі. Тек бітіммен шешуге келмейтін, күрделі даулар ғана сотта қаралады. Сондықтан бізге де сотқа жүгінгеннен гөрі медиацияны дамытып, бітімге келуге халықты үйретуіміз керек.

Медиативтік келісімдердің көптеп жасалуы, арыз-шағымдардың азаюы сот жұмысының сапалы атқарылуына, судьялар жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Бітімге келу біздің еліміз үшін де бөтен емес. Медиация — дала заңының заманауи жалғасы іспетті. Себебі, алқа билер қатал жаза кескеннен гөрі, келіспеген екі кісінің қателерін түсініп, сабырға келулерін көздеген. Бұл билеріміздің арыдан ойлауы еді. Осы орайда халқымызда бұрыннан бар медиация әдісін кеңірек жарнамалап, халыққа оның пайдасын түсіндірудің маңызы зор!

Бакин Адиль Амантаевич, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының төрағасы міндетін атқарушы

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...