12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ортақ мүлік тағдыры келісіліп шешілуі тиіс

Ата Заңымызға сай, ерлер мен әйелдер тең құқылы. Яғни, неке және отбасылық қатынастарда кез-келген жағдай бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Алайда, осы күнге дейін ерлі-зайыптылар арасында, оның ішінде дүние-мүлікке қатысты да теңсіз құқықтық жағдайлар орын алуда. Мұндай олқылықты болдырмау үшін кей азаматтар некеге тұрғанша неке шартын бекітіп, мүлікке деген құқықтарын анықтайды.

Неке дегеніміз, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, сонымен қатар, олардың ерікті және толық келісімімен жасалатын тең құқықтық одақ. Олардың мүліктік құқықтары мен міндеттері заңмен бекітілген. Мысалы, Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы кодекстің 32 бабына сай, егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлі-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады. Мұндай меншікке олар тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Ал, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалған.

Жоғарыда айтқанымыздай, жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортақ меншік саналады. Өйткені, көп жағдайда мүлік ерлі-зайыптылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде жиналады. Ортақ меншікке не жатады десек, оған әрқайсысының отбасы болған кезде бірігіп тапқан табыстары, оның ішінде зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ, арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер, мысалы, материалдық көмек, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар, т.б. Сондай-ақ, ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыпты болған кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк ортақ мүлікке кіреді. Ортақ мүлік үй шаруашылығы, балаларды бағып-күту, басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайы, бір-біріне, балаларына деген қатынасы ескеріледі.

Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы кодекс талабына сай, ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билiк ету екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Егер олардың бiреуi билік еткісі келсе, онда жұбайының келісімімен мәмiле жасалады. Ал, мәміле екінші жақтың келісімінсіз жасалса, онда ол сотпен жарамсыз деп танылады. Өмірде түрлі жағдай болатынын ескерсек, мұндай істерге байланысты дау-дамай аз емес.

Сондықтан, есте ұстарлығы, ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ортақ мүлікті сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуге міндетті.

Тағы бір айта кетерлігі, ерлі-зайыптылардың ортақ емес, яғни, әрқайсысына тиесілі өз мүлкі болады. Мәселен, некеге отырғанға дейiн жиып-тергендері. Некеде тұрған кезінде біреуінің мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi. Сондай-ақ, ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынса да, қымбат, басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын киiм-кешек сынды т.б. заттар әрқайсысының меншiгiне жатады. Бұған қоса некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.

Ортақ мүлікті бөлу олардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша жүргізіледі. Мұндай талапты некеде тұрған немесе ол бұзылғаннан кейiн де бере алады. Заң алдында олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей.

Анар Толықбаева,

Ақтау қаласының

№2 сотының судьясы

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...