12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда онлайн-кеңесшілердің саны арттырылды

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылғаны белгілі. Азаматтар енді мемлекеттік қызметтерді тек электронды форматта ғана ала алады. Осыған орай, халықтың онлайн қызметтерді алу бойынша кеңес сұрайтындар саны өскен. Сол себепті, Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынатын онлайн-кеңесшілердің саны арттырылды.

Онлайн кеңесшілердің бірқатары онлайн-ХҚО-да қызмет көрсетуде. ЭЦҚ көмегімен барлық мемлекеттік қызметтердің 80% алуға болады. Сол себепті, азаматтарға ыңғайлы болу үшін, электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн алу мәселесі шешілді. Көптеген азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алу үшін ЭСҚ алуға, немесе мобильдік азаматтар базасына тіркелуге өтініш беруде. Ал олардың сәйкестендіру рәсімін растау үшін онлайн ХҚО жұмыс істеуде.

«Онлайн ХҚО 40 оператор екі ауысымда қызмет көрсетеді. Егер азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, жүйе оны ХҚКО операторымен қосады, ол бірқатар қосымша сұрақтар (құжаттардың деректері, тіркеу орны және т.б.) қоя отырып азаматты бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Бұдан басқа, Алматы қаласы бойынша қызмет алушылардың сұрақтарына жедел жауап беру үшін арнайы Call-орталық жұмыс істеуде.

«Call-орталыққа 1414 нөмірі бойынша халықтан қоңыраулар қабылдап, кеңес беретін 110 қызметкер жұмылдырылды. Call-орталық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және қызметкерлерге жүктемені азайту үшін 60 кеңес беруші екі ауысымда жұмыс істеуде. Тағы 50 қызметкер үйде отырып, тұрғындарға кеңес беріп, олардың мәселелерін жедел шешуге көмектесуде», — дейді Данияр Батанұлы.

Call-орталық ашылған сәттен бастап 25 мыңнан астам кеңес берген. Күніне 6-7 мың адам әр түрлі сұрақтармен жүгінеді.

Мамандардың айтуынша, негізінен тұрғындар туу туралы куәлік алу, бала тууына байланысты жәрдемақылар, МАБ жазу, автокөлікке қатысты құжаттарды үйге жеткізу қызметі, онлайн ЭЦҚ алу, жеке куәлік алу, уақытша және тұрақты тіркеу, емханаға бекіту туралы, автокөлік құралдарын есептен шығару және қою, автокөлікке тыйым салуды тексеру, жүргізуші куәлігін қалай алу және ауыстыру туралы, сондай-ақ қайтыс болу туралы куәлікті қалай алу, жерлеуге арналған құжаттарды, техникалық паспорт, жер учаскесінің мемлекеттік актісі, ЖК қалай ашуға болады және т. б. сұрақтарды жиі қоюда.

Айта кету керек, 608 мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады, оның ішінде мамандандырылған бөлімдердің қызметтері де бар.Смартфон арқылы 60 қызмет түрін алуға мүмкіндік бар.

Осылайша, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ халықтың электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланып, сыртқа шықпай-ақ, бар жұмысын үйде бітіріп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуына жағдайлар жасауда.Қызметтерді онлайн ала отырып әркім өзін және жақындарын қорғап, ортақ қауіпсіздікке өз үлесін қосатынын білген жөн.

Елімізде індет өршіп тұрғанда, жағдайға саналы көзқарас, ұқыптылық және үйден шықпау — коронавирусқа қарсы күресте біздің жеңісіміздің кепілі болмақ!

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалы

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.