«Арпалысып жатырмын»: коронавирус жұқтырған олимпиада чемпионы қазіргі жағдайын баяндады

Соңғы деректер бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 350 536 адамға жетті.
Коронавирусқа шалдыққандардың қатарында белгілі адамдар да бар. Лондон олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Кэмерон Ван дер БУРГ әлем халқын әбігерге салған індетті жұқтырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы оңтүстікафрикалық спортшы Twitter-гі парақшасына сілтеме жасап.

«Коронавируспен күресіп жатқаныма 14 күн болды.Әлсіздік пен жөтелге қарсы арпалысып жатырмын. Бұл ауыр вирус екен. Мен шалдыққан ең ауыр ауру осы. Мен спортшымын. Шылым шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Соның өзін де коронавирустан сауығу қиын екен. Физикалық жаттыуғыды айтпағанның өзінде сәл жүрсем әлсіреп кетем», – деп жазды спортшы.

Соңғы деректер бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 350 536 адамға жетті. 15 328 адам көз жұмса, 100 182-сі сауығып кеткен. Бұл індеттің негізгі ошақтары Қытай, Италия, АҚШ, Испания, Германия және Иран.

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...