12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МӘМС: Тегін стоматологиялық көмек кімге көрсетіледі?

Биылдан бастап белгілі бар санаттағы азаматтар стоматологиялық көмекке елдегі кез-келген емдеу ұйымы арқылы қол жеткізе алады. Бұған қаңтардан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мүмкіндік беріп отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, 2020 жылдан бастап стоматологиялық қызмет ақысын төлеу схемасы өзгерді. Бұрын қызмет ақысы консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін клиникаға тікелей аударылатын болса, биылдан бастап емханалар арқылы төленеді. Ол үшін емдеу ұйымдары арасында қосымша келісімшарт бекітіледі.

«Сақтандыру енгізілгенге дейін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез-келген жерінде пайдалана алады. Мысалы, қаңтар айында алматылық пациенттерге Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының емдеу мекемелерінде стоматологиялық қызметтер көрсетілген. Яғни, пациент тісін қай жерде емдетсе, ақша сол клиникаға түседі», — деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

МСҚ қалалық филиалы мәліметіне сүйенсек, биылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттары, дәлірек айтқанда,  18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер  амбулатория деңгейіндегі стоматологиялық көмекті сақтандыру пакеті арқылы ала алады. Олар: тісті жансыздандыру, пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен периодонтитті емдеу, гипоплазия мен флюороз салдарынан анатомиялық пішіні бұзылған тісті толық қалпына келтіру сынды тағы да басқа қызметтерді пайдалана алады. Сонымен қатар, тісті жұлдыру, тіл мен ерін жүгеншігіндегі ақауды жою, жақты рентгенге түсіру, анестезия сынды қызметтер де осы пакет шеңберінде көрсетіледі.

Ал, шұғыл стоматологиялық көмек бұрынғыша мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қалдырылды. Шұғыл көмекке: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1,2,3 топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер, жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер жүгіне алады. Мысалы, хирургтің қабылдауы, тісті жұлу, абсцесті ашып тазарту, одонтегенді ісікті кесіп алып тастау, альвеолитті емдеу, тіс тамыры невритін емдеу, ауыз қуысындағы жұмсақ тіндерді кесіп алып тастау, жақ-бет сүйегіндегі жараларды емдеу т.б. қызметтер тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, жақ-бет сүйегі ақауымен туған нәрестелерге арналған ортодонтиялық көмек түрлері де мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетіледі.

Жалпы, қазір Алматы қаласында 75 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 75 клиника (емхана) тіркелген. Оның 23-і стоматологиялық көмек көрсетеді. Қосымша келісімшарт негізінде стоматологиялық қызмет көрсететін клиникалар саны – 9.

«Жаңа жүйе пациенттің стоматологиялық клиниканы таңдауына мүмкіндік беріп отыр. Бірақ азаматтардың көп жағдайда өз құқықтарын білмей жататыны да жасырын емес. Өкінішке орай, пациенттердің стоматологиялық клиниканы таңдау құқығын барлық емханалар бірдей сақтай бермейді. Себебі, пациент таңдауды тіркелген емханасы арқылы жасайды, қызмет ақысы да сол емхана арқылы төленеді. Сондықтан біз пациент құқығын қорғау мақсатында барлық клиникалармен жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз», — деп қорытты филиал басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық көмек көрсету барысында құқығы бұзылған тұрғындар Медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс нөміріне шағымдана алады.

 

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...

АСПЕКТЫ РАЗВОДА С ИНОСТРАНЦЕМ

Вступление в брак с иностранным гражданином – это другой...

СФЕРА АРХИТЕКТУРЫ И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА

Одной из категорий споров, рассматриваемых административными судами, являются дела...