Бала асырап алуға ниетті тұлғалардың есебіне онлайн тұру үшін не істеу керек?

Егер Сіз бала асырап алуға тілек білдіруші Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшін өтінішпен бірге тиісті құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкімет порталында көрсетіледі. Ол үшін:
✅Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
✅Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтінімге құжаттарды бекітесіз. ?Құжаттар тізімі:
•жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
•жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
•отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәліктің көшірмесі, балалары болса, туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
•азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрмауы туралы анықтама;
•тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй мүлікке құқығы жоқ жағдайда);
✅Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне 10 жұмыс күні ішінде үміткер болу мүмкін/мүмкін емес деп қорытынды хабарлама келеді.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...

Жануарларға жауапкершілікпен қарайық!

Ит пен мысық сияқты үй жануарлары мен қар барысы,...