12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот беделі жылдан-жылға артуда

Елімізде Тәуелсіздік таңы атқалы сот жүйесіне жіті көңіл бөлініп келеді. Сала жұмысын жетілдіру, судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында көптеген реформалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Тұңғыш президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларында сот жүйесін жетілдіру бағыттары қамтылды. Ұлт жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу міндеттелді. Осы жоба бойынша сот залдары ақпараттық-технологияның соңғы үлгілерімен, бейнежазбалармен жабдықталды. Сот процесстері бейнежазбаларға жазылады және оларға өзгеріс енгізу мүмкін емес. Бұл сотқа жүгінушілердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға, әрі сот процестерінің уақытында өтуіне мүмкіндік береді және сотқа қатысушы тараптардың сотта тәртіп сақтауын қамтамасыз етуде.

Жалпы сот жүйесінде инновациялық технологиялар кеңінен пайдаланылуда және өзінің тиімділігі мен артықшылығын дәлелдеуде. Солардың бірі сот кабинеті бүгінгі таңда жұртшылыққа кеңінен танымал болып отыр. Ең бастысы, осы бағдарламалар нәтижесінде соттар мен судьялар тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру бағытында көптеген батыл қадамдар жасалынып, игі бастамалар қолға алынды, тіптен, көптеген дамыған елдерде жасалынбаған заманауи өзгерістер енгізілді. Ұлт жоспарының сот жүйесін жаңғырту бағытында сот тәртібімен қаралып жатқан дауларды қысқарту, қоғамдағы қақтығыс деңгейін төмендету және тұрақты құқықтық орта құруға ықпалын тигізетін татуластыру рәсімдерін дамытылуда.

Бағдарламалар негізінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж. Асанов сот саласын жетілдірудің жеті түйінін ұсынды. Жеті түйін аясында бірнеше пилоттық жоба өмірге еніп, тиімділігін көрсетуде. Жоғарғы Сот дайындаған «Бейнелі сот», «Судьялардың сот актілерін түсіндіруі», «Соттардағы татуластыру процедурлары», «Судья көмекшілері» жобалары аудандық және қалалық соттардың тәжірибесіне енгізіліп, сынақтан өтуде. «Сот актілерін түсіндіру» мен «Бейнелі сот» жобаларын сот жүйесіндегі жаңа бастама деуге болады.

Қазақтың кемеңгер заңгері Салық Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың құрамдас бөлігіне — алтын бетіне және болашақта жалпы өркениеттің мұрасына айналар деген үмітім бар… Уақыт өте келе қазақ құқығы әлемдік өркениеттің құқықтық жүйелерінің ішінен лайықты орын алатындығына сеніммен қараймын», — деді. Ғалым айтқандай, қазіргі таңда бабалар жолы заманауи тұрғыда жаңғыруда.

Ел президентінің Жарлығымен тағайындайтын ең мәртебелі лауазым – судьялар десек, біздер үшін әділ шешім шығарып, халықтың сенімі мен құрметіне бөленуден асқан абырой жоқ. Елбасы «Ұлт Жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық – сапалы судьялар корпусын жасақтау екендігіне

тоқталып, «Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асыруы тиіс»,-деген болатын. Судьялар осы мақсатқа қызмет етуде. Себебі, жоғарыда айтып отырған жайттың бәрі, яғни, сот саласындағы үздік реформалар, судьялар абыройы, т.б. Қазақстан сотының беделін арттыруға ықпал етеді.

Құралай Садырова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...