12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тіркеуге онлайн тұрушылар үлесі Нұр-Сұлтан қаласында көп – 91 мың адам, одан кейін Түркістан (58 мың), Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Бұл ретте, ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі (6 мың адам).

«Электронды жаңашылдықтарды құп көретін азаматтардың саны өскені қуантады. Онлайн түрде тіркеуге тұру – уақытты үнемдеп қана қоймай, «Прописканы» сататын делдалдардың жұмысына да тосқауыл болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжай тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен. Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызмет

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік...

Алматыдағы жер сілкінісі: Қытайда тағы афтершок тіркелді

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 15 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 07:47-де тіркеді.