12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда маңызды!

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Мемлекеттік тілдегі мектептердің саны көбейтіліп, балабақшалар ашылды. Құжат айналымы заң жүзінде қазақ тіліне көшіріле бастады. Нәтижесінде күн өткен сайын қазақ тілінің ертеңгі күні болашағы бар екеніне көзіміз жетіп келеді. 

Еліміздегі тіл саясаты он жылдан бері Тіл­дерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдар­ла­масы негізінде жүргізіліп, дамып, қанатын кең жайып келеді. Осы жылдар ішінде  ана тіліміз елімізде белгілі бір тілдік ортасын қалып­тастырып, мемлекеттік тілдің тұғырын бе­кіте түсті. Жақында Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы «мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – өзге тілдердің жолын кесіп, оларды төмендету емес, керісінше кезінде зорлықпен тұншықтырылған қазақ халқының мемлекеттік тілін одан ары бекемдеу. Айта кетуіміз керек, кеңестік одақтың құрамында болған Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзербайжан Ресей де кеңес үкіметі кезінде қабылданған заңдарын өзгертіп, өз мемлекеттік тілдеріне басымдық беріп отыр. Балтық жағалауы елдері тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тіл туралы заңдарына үш рет өзгерістер енгізді. Ал Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы негізінен кеңес үкімет кезінде қабылданғаны ешкімге жаңалық емес», — деп депутаттық сауал жолдаған болатын. Сондықтан алдағы уақытта қазақ тілінің қанатын кең жая түсеріне үміт мол!

Ал сот саласында сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілдің мәртебесінің маңызы зор! Сондықтан тілдің дәрежесінің көтерілуіне әрбіріміз үлес қосуымыз керек.

Нугуманова А Б, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы 

 

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...