12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация институты жанданып келеді

Медиация еліміздегі құқықтық саясатты ізгілендіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мен түрлі шиеленіскен дау-жанжалдардың түйінін бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні дауларды соттан тыс шешуге машықтанған медиаторлардың да жұмысы бір жүйеге келіп, ел арасында сот шешімінсіз шешілген дау-жанжалдардың көрсеткіші артып келеді. Елімізде медиация институтының дамуына пәрмен беретін заңдық тетіктер де толық жасалған. Сондықтан аталмыш жүйе елімізде кеңінен қолданылуда. 

Дархан даласына түрме салдырмаған ата-бабаларымыз небір дау-дамайды өз арасында шешіп, аузы дуалы ақсақалдардың айтқан тоқтамына құлақ түрген. Ұрыс-керістен іргесін аулақ салған сол ата-баба жолын ұстансақ, бірлігіміз бекем, бейбітшілігіміз де баянды болары хақ. Бұл жолды бүгінгінің бітімгерлері – медиаторлар жалғастыруда. Соның арқасында осы күні араздасқан қос тараптың табысу жағдайлары жиілеп келеді. Медиация жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Тарихқа көз жүгіртсек, ел ішінде тентегін тезге салып, тұрмыстық қарым-қатынаста туындаған түрлі дау-жанжалдарды байырғы билеріміз тараптарды татуластыру арқылы шешіліп келгеніне куә боламыз. Медиация заңының қолданыс аясы кеңейіп, дауларды шешу кезінде тараптарды бітімге келтірудің берекелі жолы қалыптасып жатқаны көңіл қуантады. Әсіресе отбасылық дау жанжалдарды шешуде медиацияның рөлі зор болып отыр. Елімізде медиация қызметіне жүгінушілер артып келеді. Ұлт жоспарына сәйкес, қоғамда болып жатқан түрлі шиеленістерді сотқа жеткізбей бейбіт түрде шешу жүйесі дамып келеді. Медиацияны толық қолдану сот қызметінің жұмысын оңтайландырып, жұмыс жүктемесін анағұрлым азайтуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Медиация рәсімін енгізу мен қолдану сайып келгенде қоғамдық қарым-қатынастың мәдениетін арттыратынын көз көріп отыр. Қазіргі жаңа заман дәуірін­дегі азаматтық қоғамда адам­дардың еркі мен құқына тең дәрежеде қарау мәселесі алғы кезекке шыққаны жасырын емес. Осы аталған мәселе нәтижелі атқарылғанда ғана тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділік деңгейі жоғары болады. Іс барысында мә­лім болғанындай, медиация­ны енгізу арқылы ел аза­маттарының құқықтық сауат­тылығын арттыруға, Қазақ­стандағы азаматтық қоғамның дамуына мүмкіндік жасалды. 

Дамыған мемлекеттердің статистикасы медиация үрдісінің 83-85%-і тиімді екендігін көрсетсе, сонау ерте заманнан бабаларымыз ұстанған бітімге келудің берекелі жолының пайдасы мол екенін біздің қоғамымыз да түйсініп келеді. Бүгінгі таңда құқықтық саланы жақсарту жөніндегі қадамдарды жүзеге асыру, Азаматтық іс жүргізу кодексінде мазмұндалған дауларды шешудің баламаларын енгізу мақсатында медиацияны әлі де болса кең көлемде қолдану басты назарда!

Кұспантай Айым Тулегеновна, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының жетекші маманы

 

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...