Қараша айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, қарашада республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, жауын-шашынның таралуы: Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста — норма шамасында.

«Қарашаның басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтіледі, республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге жүреді деп күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5 градус, күндіз +1+9 градус, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады — күндіз +10+18 градус.

«Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның батыс өңірлерде тоқтауына ықпал етеді, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз -5+2 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2 градусқа дейін, күндіз 0,+8 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі», — делінген болжамда.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін:

  • солтүстік жартысында түнде -17-25 градусқа дейін, күндіз -5-12 градусқа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде -10-17 градусқа дейін, күндіз -3-10 градусқа дейін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндердің де болуы күтіледі.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...