12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Арамызда перзент болмады»: Асан Пердеш бірінші жұбайымен неге ажырасқанын айтты

Бірінші некесі сәтсіз аяқталып, екінші рет отбасын құрған әншілердің бірі — Асан Пердеш. Өнер сапында жүрген Асанның алғашқы әйелімен дәм-тұзы жараспаған. Екеуі отау құрған соң, көп ұзамастан ажырасуға бел буыпты. Ал бүгінде екінші рет үйленген Асан бақытты екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасының «Менің өмірім» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ешкімді кінәламаймын. Тағдыр солай болған шығар. Әрине, өкініш болады. Бірақ Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы. 

Арамызда перзент болған жоқ. Бірақ ол үшін ажырасқан жоқпыз. Біздің тағдырымыз, сөзіміз жараспады», — деді Асан Пердеш.
Айтуынша, келіншегі оның әнші болғанына қызығып тұрмысқа шыққан. Алайда қиындықпен бетпе-бет келгенде шынайы жүзін көрсеткен. 

«Сырт көзге қарағанда өнер адамының жары болу қызық сияқты, бірақ ол оңай емес. Өнер адамының жары болуға барлық қыздар қызығады. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген сөз бар. Бірақ ар дағында оның өнер адамы екенін түсініп, оған дайын ба, дайын емес па, оны ойламай, тұрмысқа шығады. Содан кейін қиыншылыққа келген кезде төзіп бере алмайды. Мен де жас болдым ба екен, білмеймін, тағдырымыз жараспады», — дейді Асан Пердеш.

Айтуынша, бұрынғы әйелі бүгінде екінші рет тұрмыс құрған. Асанның өзі де араға төрт жыл салып отбасылы болды. Бүгінде Әнел есімді жұбайынан Ардана есімді қызы өсіп келеді. 

«Өнер жолында кеш беріп жүрген кезде бір ата-ана келіп: «Осындай қыз бар. Сен сазгерсің. Ән жазып берсең», — деді. Қарасам, шынымен даусы тәп-тәуір, әнді жақсы айтады. Ән жазылды. Орындап шықты. Сол кезде бірінші рет кездестік. Кейін гастрольдік сапарда бірге жүрді. 

Басқа қалада жүргенде бірінші жарыммен телефонмен тіл табыспай қалатын кездеріміз де болды. Жанымда жүріп, соның бәрін ол қыз көрді. Қызғаныш жалпы ауру ғой. Біреумен құшақтасып суретке түсіп қалсаң да, ол үшін ауыр сөздер айтылып, қатты тиді. 

Бір рет ажырасқан соң, бетім қайтып, енді үйленбеймін деп ойладым. Бірақ уақыт өте келе ойым өзгерді. Ата-анамызбен қыз іздедік. Қарындасымдай, досымдай болып жүрген қызға мен басқа қыздардың суретін көрсетіп, ақылын сұрай бастадым. Арада төрт жыл өтіп кетті. Қарасам, баяғы кішкентай қыз өсіп қалыпты. Сөзіміз жарасты, ортақ шешімге келдік», — дейді әнші.

Асан қазіргі жұбайынан 15 жасқа үлкен. 

«85 лет кафедре Педагогики и образовательного менеджмента: традиции, достижения и перспективы развития»

Согласно историческим источникам становления кафедры в Казахском национальном университете...

Қате аудармалар мұндалап тұр

Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қазіргі заманға ашынуы дұрыс...

«Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, себебі ата-бабамыздан келе...

Пробация есебіндегі азаматтармен “Отбасы құндылықтарын сақтау” тақырыбында кездесу өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мақат аудандық пробация қызметі...

Қызылорда да қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеушілер облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің тәрбие...