Арал аудандық пробация есебіндегі азаматтар тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады

Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған азаматтардың рухани байлығын арттыру, олардың мәдениетке деген қызығушылығын дамыту мақсатында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінде экскурсия ұйымдастырылды.

Аудандық пробация есебінде 60-қа жуық азамат есепте тұрса, оның 25-і осы іс –шараға қатысты. Бұл іс-шара сотталғандардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, оларды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған. Экскурсия барысында музей қызметкері аудан тарихынан сыр шертетін, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне қатысты экспонаттар қойылған 9 залымен таныстырды. Сотталғандарға музей жәдігерлерінің тарихы мен маңызы туралы және ауданның белгілі тұлғалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Бүгін бірнеше жыл бойы сақталған эспонаттарымен таныстық. Мұражай бұл тұнып тұрған тарихымыз, адамға рухани азық сыйлайтын мекен. Әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білулері тиіс. Еліміздің ертеңі өткен тарихпен тығыз байланыста екенін ұмытпаумыз керек. Мен де балаларымды музейге жиі апарамын.Өскелең ұрпақ тарихты біліп өсуі керек деп есептеймін. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробация қызметі мен мұражай қызметкерлеріне алғысымыз шексіз,- деді пробация есебіндегі азамат .

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...