12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген қазақстандық азамат Германияда ұсталды

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Павлодар облысының тұрғыны Нюрнбергте ұсталды. Күдікті Интерпол арқылы халықаралық іздеуде болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Павлодар облысының полицейлері Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың Нюрнберг қаласындағы ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт өткен жылдың қыркүйек айында Екібастұзда қарақшылық шабуыл жасап, кейін қашып кеткен болатын», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жігіт саябақта серуендеп жүрген қала тұрғынының 300 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға тырысқан күдікті Германияға қашып кеткен.

Сондай-ақ Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы  қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 25 қылмыскердің ізіне түскен.

Неке ұғымын Конституцияда бекіту ұсынысын қолдаймын – Зәкиева

Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева...

Айдос Сарым: Пропорционалды жүйе азаматтардың құқықтарын шектемейді

Конституциялық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституция жобасындағы...

Мұрат Әбенов: Бір азаматтың сөз еркіндігі басқа адамның құқығын бұзбау керек

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті...

Обновленная преамбула Конституции отражает выбор зрелого государства — Айдос Сарым

На пятом заседании Конституционной комиссии депутат Мажилиса Айдос Сарым...

В Комиссию по Конституционной реформе поступило более двух тысяч предложений

Заместитель председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан Дания Еспаева на Пятом...