Бүгін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.
Жарлыққа сәйкес Нұра аудандық сотының судьясы болып Анар Хасенова, Осакаров ауданының №2 аудандық сотының судьясы болып Данияр Алменов, Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары ретінде Құндыз Малдыбаева және Айжан Пірімбетова тағайындалды.
Алғаш тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант берді.
Сот төрағасы Ерден Әріпов судьялар корпусының атынан жас судьяларды тағайындалумен құттықтай келе, оларды берген анттарына адал болуға шақырып, жұмыстарына табыс тіледі.
Жас судьяларға Е.Әріпов Конституция, Судья әдебі кодексін және басқа да Қазақстан Республикасының бірқатар кодекстерін тарту етті.
Дулат Әубакіров, Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы