12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қарағанды облысында карантин ұзартылды

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері үшін карантинді ұзартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитар дәрігердің 19 қаңтардағы қаулысында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарға шектеулер енгізілетіні айтылған. Мысалы, басшылық өз қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға көп болса бір уақытта екі адам кіруі керек.

«Облыс тұрғындарынан қол алыспай, жеке гигиенаны және түшкіру мен жөтел этикасын сақтауды сұраймыз. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке жүгініңіз.

Жексенбіде сауда орталықтары, сауда үйлері, ауданы екі мың шаршы метрден асатын сауда желілеріне жұмыс істеуге тыйым салынды. Дәріханалар, сұлулық салондары, құрғақ тазалау және азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Балабақшалар тек кезекші топтарда жұмыс істейді», — делінген қаулыда.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....