12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылатын Ұлытау облысына қандай қалалар мен аудандар кіретіні белгілі болды. Қарағанды облыстық мәслихатының XII, кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды.

Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды.

Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады.

«Облыста Ұлытау облысын құру бойынша әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу алгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірде жоғарыда аталған өңірлерді құрылатын Ұлытау облысының құрамына енгізу мәселесі бойынша мәслихаттардың қалалық және аудандық сессиялары өткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті бірлескен актілер алынды», — деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуынша, өңірді бөлудің орындылығы туралы ғалымдардың оң қорытындысы алынды. Ғылыми сараптама Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.

Жүргізіліп жатқан қайта құрулар бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілді.

Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізілетін болады. Схемалық Карта жобалары әзірленді.

«Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді», — деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, 16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Жезқазған қаласында орталығы бар жаңа Ұлытау облысын құру бастамасы туралы айтқан болатын.

Геноцид: преступление против человечества

Безусловно самым страшным преступлением против человечества является геноцид. Его...

Под видом благотворительности

В г. Шымкенте полиция задержала девушек, которые занимались распространением...

Суверенитет как символ свободы

В Алматы состоялась международная научно-практическая конференция, приуроченная к 35-летию...

Больше, чем технический апгрейд

Жители г. Шымкента с одобрением встретили мобильное приложение, запущенное...

Блуждая в лабиринтах здравоохранения

СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ, ЗАДУМАННАЯ КАК ГАРАНТИЯ БЕСПЛАТНОГО И...